Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір ай үй қамақта отыратын болды HD
Экс-министр Елжан Біртанов тағы бір ай үй қамақта отыратын болды. Тергеу соты бүгін бір жарым миллиард теңге қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген Біртановтың үй қамақтағы мерзімін 14 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Екі күнге созылған сот процесінде прокурор судьядан Елжан Біртановтың үй қамақтағы мерзімін тағы бір айға созып, жұмыс істеуге рұқсат бермеуін сұраған. Айыптаушы Экс-министрге үйінен шығуға рұқсат берілсе, тергеуден қашып, шетелге кетіп қалуы мүмкін екенін айтқан еді. Ал Біртановтың үш бірдей қорғаушысы бұрынғы министрдің үй қамақтағы режимді бұзбағанын, тәртібі жақсы болғанын ескеріп, ешқайда шықпау туралы қолхатпен үй қамақтан босатуды сұрады. Тіпті, сот процесіне қатысқан күдіктінің ағасы Ержан Біртанов қызмет бабымен Австрияға көшкенін және Венада несиеге алған пәтерінде тұрып жатқанын айтты. Бірақ бұл Елжан Біртановтың тергеуден қашуға дайындалып жатқанын білдірмейді деді. Экс-министр өзіне тағылып отырған айыптарды мойындаған жоқ. ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі: – Мен өз отбасымнан, өз Отанымнан ешқайда қашпаймын. Ондай ойымда да болған емес. Мен тергеу барысында өзімнің кінәсіз екенімді, бір тиын да ұрламағанымды дәледеуге тырысамын. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЕлжанБіртанов #министр #сот #үй_қамақта
Похожие видео
Показать еще