ОРЫСПЕН ӨЛГЕНШЕ ОДАҚ БОЛАМЫЗ! - КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫН БІЗДІҢ ҮКІМЕТ ҚАНШАҒА САТЫП АЛДЫ?
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Аяқ астынан Алаш жұртын жүз толғандырып, елді елең еткізген жаңалық шықты. Не жаңалық десеңіздер, «орыстар көп жылдан бері бермей келе жатқан, тіпті бермек түгілі қайда сақталып тұрғанын да айтпай келген, қазақтың азаттығы жолында шейіт болған - Кенесары ханның басын бізге біретін болыпты. Анау Лавров деген Сыртқы Істер министрінің өзі Астанаға әкеле жатқанға ұқсайды» деп көп адам ӘЖ-де сүйінші сұрап жарысуда. Дұрыс қой, әрине!! Астананың атын Нұрсұлтан деп ауыстырғанда сұрамаған сүйіншіні, осындайда сұрамағанда енді қай жерде сұрайды. Көкейімізде «бірақ» дейтін, тағы бір күман тұр. Кейбір блогерлер мен қоғам белсенділері бұған өте қатты сенімсіздік танытып отыр. Видеомызды жалғастырмас бұрын сіздерге өтініш! Дәл қазір төменге түсіп подписаться деген қызыл тетікті басып және қасында шыққан қоңыраушаны басуды ұмытпаңыз. Бастыңыз ба? Әп бәрекелді ары қарай кеттік! Әншейінде қазақты менсінбейтін орыстар түсінен шошып оянғандай, хандарыңның басын қайтарамыз деуі қай сасқаны? Суға кеткен тал қармайды» деп атам қазақ айтқандай, Байден мырзаның салып жатқан санкциялары мен Украина ға келіп жатқан НАТО мен АҚШ-тың әскери күштерінен зәрелері зәр түбіне кетіп жатыр ма кім білсін, әйтеуір арты жақсы болсын!! Қайтқан малда береке бар» дегендей, Ханымыздың қайтқан басы қазақтың рухын оятып, Алаш баласының қайратын бір тірілтіп өтсін дейміз!! Қазаққа тарап үлгерген хабар, тарихшы Зиябек Қабулдинов ағамыздың мына жазбасы: ”Мен ұлы ханның бас сүйегін қайтару үшін құрылған сарапшылар комиссиясының құрамына кірдім. Бүгіннен бастап, ұлттық тарихымыздың мүлде жаңа кезеңі басталады. Бүгін ынтымағы жарасқан екі мемлекет - Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас тарихында жаңа деңгейге өтеміз. Достығымыз одан әрі нығайып, бейбіт қарым-қатынас тереңдей түспек. Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан, Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жұмыстары бойынша, ресейлік сарапшылар комиссиясының құрамына шақырту алдым. Шақыртуға келістім. Сүйінші, ағайын! Кенесары ханның бас сүйегі табылды! Мен оның қалай табылғаны немесе оның қай жерде жатқаны туралы нәзік нәрселерді жеткізе алмаймын. Ол белгілі бір ресмилікті талап етеді және ол дипломатиялық деңгейдегі дүние. Бірақ бұл бастаманы, Ресейдің жоғары билік өкілдері көтеріп отырғаны анық!” – деп жазды. Тарихшы ағамыздың осы жазбасына сілтеме жасай отырып, Самат Нұртаза деген блогер былай дейді: «Кенесарының бас сүйегі табылды» деп кейбіреулер сүйінші сұрап жатыр. Ләйім солай болғай. Алайда, 30 жыл бермей келіп, енді бере қалғанында бір гәп болуы мүмкін деген күдік бар. Өз басым, осы Ресейдің қадамын, Украинамен болатын қақтығыста Қазақстанды өз жағына қарату, Қазақстан билігі мен қоғамын "Ханымыздың басын қайтарған тарихи дос" ретіндегі Ресей мемлекетін қалыптастыру деп білемін. Қазір Ресейге әр одақтас маңызды. Одақтас БҰҰ-да дауыс береді дегендей. Әрине экспертиза керек. Хан Кененің ұрпақтарының ДНК-сымен салыстыру керек. Егер Кенесары хан екені дәлелденсе, бүкіл ел болып арулап, Түркіст