ҚЫЛМЫСЫН МОЙЫНДАП - БАР ҚҰПИЯ АШЫЛДЫ! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. Қашан көрсең Елбасы мен ертеңгі күнге сенемін деп жалықпайтын Бақытгүл Хаменованың басына қара бұлт үйірілді. 4,5 млн.теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған Атырау әкімінің орынбасары қылмысын мойындады ма? Оны қандай жаза күтіп тұр? Біздің елде жемқорлықпен жемқорлар күресіп жатыр ма? Тоқаев Қытайда жемқорларды стадионда атқаннын өз көзімен көргені рас па? Әлемде қай ел парақорларды адам шошырлық әдіспен азаптайды? Мұны сізге білген дұрыс! Қайырымдылық! Жемқор емес, сотталмаған, пенсияға тыныш кеткен әкім-қараларды скоро саусақпен санап қалмасақ болғаны. Міне қазақ еліне пльюс тағы бір жемқор. 10 желтоқсанда бұрынғы депутат, бүгінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 4,5 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. "Оларды Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға арнайы келген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тобы ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, пара тендерге қатысты алынған", - деп хабарланды БАҚ беттерінде. «Ақ жайық» басылымының жазуынша ол екеуі Абай Құнанбаев ескерткішін орнатуға Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқанда ақша жымқырған. Хаменова уақытша ұстау изоляторына қамалған. басылым мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тергеу сотында Хаменованы екі айға қамауға алу туралы өтініш береді. «Абыройдан айыра көрме тәңірім…» дүйсенбі күні сағат 21.40-та ол WhatsApp мессенжерінінің «статусына» осылай деп жазған. Сөздің мағынасына қарағанда, облыс әкімінің орынбасары бір жамандықтың боларын апта басында сезген тәрізді. Қазақстандағы жемқорллық құдды бір ертегідегі жеті басты айдаһар сияқты. Бірінің басын шауып тастасаң, екіншісі шыға келеді. Жемқорлар үшін нағыз жерұйық мекенге айналды қазақ даласы. Ал Бақытгүл Хаменованың ұсталуына қатысты «ақталып шықса екен», «балалары бар, обал» , «табаламау керек» деген пікірлер айтылып жатыр. Оларға Қуаныш Оспан деген ағамыз былай деп жауап қайтарды. «Айналайындар-ау, күнде «Елді жемқорлық құртып жатыр, анау-мынау» деп ұлардай шулап жүрміз ғой, енді несіне ақкөт торғай бола қалдыңдар?! Халық қуанып жатса – табалайтын біреудің табылғанына емес, әділдіктің аз да болса салтанат құрғанына қуанады да (әділдік бола ма, әлде тағы пара беріп шығып кете ме, оны да құдай біледі әлі). Балаларының жас екенін пара алмай тұрып ойлауы керек еді. Оның баласы – бала болғанда, жұрттың баласы – бақа ма екен?! Сол алған парасы – жыл сайын өртеніп, құлап, жарылып өліп жатқан балалардың ризығы емес деп айта аласыңдар ма?! Жоқ! Ендеше не деген жалпақшешейлік, неғылған көрсоқырлық сендердікі?! Онсыз да «ерен тұлға бла-бла-бла» деген жүйкеге тиетін сөздері Елдің жиіркенішін тудырып келгені белгілі ғой. Көп асқанға – бір тосқан! Иә, Жемқорлықпен жемқорлар күресіп отырған қоғамда жақсылық болмайды. Президенттің көзін бақырайтып қойып, өтірік баяндама жасап, жалған есеп беру тоқтамай - жемқорлық тоқтамайды. Соның өтірік екенін іші сезе отырып - соған сену, я сенген болу т