МИНИСТР ОТСТАВКАҒА КЕТСІН - ТҮРМЕДЕГІ СҰМДЫҚ АШЫЛДЫ! HD

17.02.2022
Бәріңізге ассалаумағаликум. Қазақстандық полицейлер неге аң екеш аң бармайтын сұмдыққа баруда? Азаматтарды азаптау қашан тоқтатылады? Үтік басқыш сақшылар қандай жазаға лайық? Олар кімнің бұйрығын орындауда? Изоляторларды аралаған депутаттар неге шошып отыр? Олар үкіметке қандай талап қойды? Мұны сізге білген дұрыс! Қайырымдылық Зарлаған ана, жылаған бала. Мұндай сөздерді бұрын қазақ бастан кешкен тарихи оқиғаларға қарата айтушы едік. Бірақ қазір қайта қолдануға тура кеп тұр. Шынымен зарлаған ана, жылаған бала. СТАВКА: Қазір қаншама отбасы қайғыдан қан жұтып отыр. Біреуінің баласы, біреуінің ағасы, бауыры тергеу изоляторында таяқ жеп зәбір көріп жатыр. Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарға қорлық көрсеткен өзге емес өзіміздің полицейлер. Олардың соншама қатігез боп кеткенін бас-басқа емес депуттардың өздері де айтып отыр. Әрі азапталғандарды көріп жандары қатты ашыған. СНХ: https://youtu.be/yAYcgTK9UhY Осылай деп еміренген депутат Берік Дүйсенбинов қамауға алынғандарды ұрып-соғудан қорғауды, медициналық көмек көрсетуді, адвокаттық қорғауды қамтамасыз етіп, тергеу амалдары кезінде қорғаушылардың міндетті түрде қатысуын талап етті. Ал өзге депутаттардың азаптаулар туралы айтары бар ма? Осыны білмекке "Азаттық" тілшілері бірнеше халық қалаулысына микрофон ұсынды. СНХ: Азаматын азаптаған елде азаматтық қоғам болмайды! Иә, осылай деп журналист Дәнеш Байболатов үндеу тастады. Ол былай дейді. Талдықорғандағы Н.Назарбаевтың ескерткішін құлатқаны үшін Азамат Батырбаевтың азапталып жатқаны "Жаңа Қазақстанның" ескі сүрлеумен кетіп бара жатқанын анық көрсетеді. Осындай айуандықпен елді қорқытып-үркітіп, елді бас көтермейтіндей етеміз дегендер оңбай қателеседі! Кез келген әрекетке қарсы әрекет болатыны, кез келген күш қарсы күш тудыратыны табиғаттың бұлжымас заңы! Абақтыдағы жас жігіттердің қандай азап көргені туралы туыстарының айтқанынан жаның түршігеді. Біздің ортамыздағы жендеттер айуандығы жағынан СС нацистерінен асып түсіпті! Өрімдей жастарды өлімші қылғандар да біреудің сүйіктісі, әкесі, жақсы көретін баласы, бауыры екеніне сенгің келмейді. Қанға малынған қолын жуып үйіне барған соң, сол қолымен баласының басынан сипайды. Аң екеш аң бармайтын сұмдыққа барғандарға қалай ас батады, қалай ұйықтайды? Ал оларға осындай бұйрық бергендер ше? Ештеңеге зәредей қиналмайтынына бәс тігемін. Өйткені олардың өздерін ақтап алатын уәжі бар. Былайғы жұрт түсінбейтін уәж! Нацистер де өз қылмысын мойындамай, оны тіпті ақтап алуға тырысқан! Өйткені отыз жылда осындай адами құндылығы тоқыраған, мораль жүйесіндегі координаталары теріс жолға түскен, адамдықтан азғандардың бүтін буыны қалыптасты! Сондайлардың қолына тоқпақ берілген, қылмысы үшін жазаланудың орнына марапат көретін елде азаматтық қоғам құрыла ма? Азамат секілді жандар азапталып жатқанда бұл сұрақтың жауабы жалғыз - ЖОҚ! Ал заңгер әпкеміз Айгүл Орынбек өзінің парақшасына ұсталғандардың үстіне үтік басқан полицейлерге қатысты пікір білдірді. «Біз қазір үнсіз қалсақ, ертең полиция тарапынан «үті

Похожие видео

Показать еще