Ипотекалық несиеге баспана алып, қарызын қайтара алмай жүргендер наразылыққа шықты

11.02.2014
Ипотекалық несиеге баспана алып, қарызын қайтара алмай жатқан борышкерлер бүгін Алматыда наразылыққа шықты. Ашынған халық "БТА ипотека" президенті Тимур Құрманғалиевтің оставкаға кетуін талап етті. Айтуларынша, банк алған несиесін қайтара алмай жатқандарға жеңілдік жасамақ түгілі, жалғыз баспаналарын тартып алып жатыр екен. Наразы топ талаптары тізілген өтініштерін Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың атына жолдады. Борышкерлердің мұңын Гүлбану Әниятқызы тыңдап қайтты... Жалғыз баспанамызды банкке бермейміз, деп шулаған халық "БТА ипотеканың" алдына жиналды. "Банк қарызын қайтара алмай қажыған халықтың үйін тартып алып, көшеге шығаруды доғарсын!" деген талаптарын төтесінен қойды. "Далада қалғандардың саны "БТА ипотекаға" жаңа басшы, яғни Тимур Құрманғалиев келгелі тіптен көбейіп кетті" дейді борышкерлер. Қарапайым халыққа жаны ашымайтын жаңа президент отставкаға кетсін деп талап етті... СҰЛУБИКЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, "Халықты баспанамен қамтамасыз етейік" қоғамдық ұйымының жетекшісі: Далада қыс па, қыс емес пе, елдер қанша төлейміз шамамыз келгенше төлейміз, бұрынғы графикпен төлейік десе ештеңеге қарамай үйін тартып алып, көшеге шығарып жатыр. Құрманғалиев келгелі үйді тартып алғананнан басқа ештеңе істемей жатыр. ҰЛДАНАЙ ҚАМБАРОВА, борышкер: Қысқа да қарап жатқан жоқ. Түнге де қарап жатқан жоқ. «БТА ипотека» қатал. Ипотекаға қатал қарайтын банктің несиесін төлей алмай жатқан борышкерлердің үстінен сотқа арыз түсіруге лицензиясы жоқ,- дейді жиналғандар. Заң бойынша халыққа тек қарызға ақша ғана беруге құқылы банкті Ұлттық банк қызғыштай қорып отыр деген ұстанымда. Сондықтан "БТА ипотека" мүлдем жабылсын деген талаптарын борышкерлер Қайрат Келімбетовтің атына жолдады... СҰЛУБИКЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, "Халықты баспанамен қамтамасыз етейік" қоғамдық ұйымының жетекшісі: Лицензия екеу бола алмайды. Ондай өтірікті Ұлттық банк те, БТА да айтпасын. Екіншіден бұлардың лицензиясы жоқ талабымыз жоқ па жабылсын. Лицензиясы жоқ па баспаналарлы тартып алу доғарылсын. Тартып алған үйлер қайтарылсын, мұның бәрі заңсыз Аязды күні ереуілге шыққан борышкерлер әр аймақтан жиналыпты. Алайда, наразы топқа банк өкілдерінің бірде біреуі төбе көрсетпек түгілі, есіктерін бекітіп алды. Торуылдаған полицейлер ашынған халықты тек сырттай бақылады...

Похожие видео