Қызылордалықтар жалға алған жерлерін дәулеттілер иемденіп алғанына наразылық білдіріп, бас көтерді HD
Қызылорда облысындағы Үшінші Интернационал ауылының тұрғындары жерлерінің қайтарылуын талап етіп, бүгін бас көтерді. Олар үш жылдан бері кәсіпкер ауыл тұрғындарына тиесілі шаруа қожалығын заңсыз иемденіп алған дейді. Соның кесірінен қара халық егін еге алмай қалды деп ашулы. Айтуларынша көпшілік бұл мәселемен аймақ басшысынан бірнеше рет көмек сұрап келген. Алайда ешқандай нәтиже жоқ деген ел бүгін тағы облыс әкімдігіне жиналды. Әкімнің шықпағанына қапаланған тұрғындар Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылында тұрады. Олар жалға алған жерімізді кәсіпкер өзімізге қайтарсын деп талап қойды. Айтуларынша ауылдағы шаруа қожалығын бір кәсіпкер үш жыл бұрын заңсыз иемденіп алған. Содан бері қаншама тұрғын егін егіп тауып отырған нәпақасынан айырылды деп ашынады. Сондықтан қожалықты өзіне жекешелендіріп алған кәсіпкер мүлде ауылдан кетсін деп отыр. АЛТАЙ МҰСАХАНОВ, үлескер: – Заңсыз құжат жасап, заңсыз протокол жасап мекемемізді алып кеткен. Үш жыл болды мекемемізді қайтара алмай жүрміз. Сотпен жеңдік, бірақ қайтармай жатыр. Оған биліктегілер көмектесіп отыр. 35 арыз жаздық. Біреуі де халыққа қайтарсын деп берілген жоқ. 35 рет құзырлы органға арыздандық деген тұрғындар облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықовадан да көмек сұрап бірнеше мәрте келген. Алайда бірде-бір рет әкім алдымызға шығып, мұң-мұқтажымызды тыңдамады дейді. Ал жауапты басқарманың басшысы қожалыққа төрағаны сайлауға, жер үлестерін бөлуге біз ешқандай ықпалы ете алмайыз дейді. Ол серіктестіктің ішкі шаруасы екенін айтады. МЕДЕТ УСАИНОВ, Қызылорда облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы: – Бұл жеке шаруашылық мекемелері болғаннан кейін бұлардың өзінің жалпы жиналыс жасап, онда шешілетін мәселе. Үлескерлердің саны 50 пайыздан жоғары болғанда жиналыс заңды болып саналады. Соған сәйкес өздерінің таңдаған директорларын қойып, әрі қарай жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Ал көпшілік төрағалықтан кетсін деген кәсіпкер шаруа қожалыққа бұған дейін өзі инвестиция салып келгенін айтады. Әрі серіктестіктің қарыздарын төлеп бердім дейді. Сөзінше ІІІ Интернационал ауылында мүлдем жекеменшік жер жоқ. Ал төрағалықтан қазір кетуге дайын. МҰРАТ СӘРСЕНБАЕВ, "Абай-Дәулет" ЖШС директоры: – Қандай жұмыс жасап отыр едім. Бұлар кедергі болды. Мен шешіп отырмын кетемін деп. Жерді де алсын, басқаны да алсын. Бірақ халыққа обал. Ал Қызылорда облысының аудандарында жалпы жер дауы соңғы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қарапайым тұрғындардың көбі жалға алған жерлерін дәулеттілер иемденіп алғанына наразылық білдіріп жүр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жер_дауы #Қызылорда
Похожие видео
Показать еще