Пайғамбарымызды ﷺ шынайы сүйіп жүрміз бе? | Ерсін әбу Юсуф
http://hanafi.kz/ http://vk.com/hanafi_atyrau?w=wall-69612881_104 Пайғамбарымызды ﷺ шынайы сүйіп жүрміз бе? «Мен Аллаһ пен Оның пайғамбарын(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жақсы көремін!». Бірақ өмірімізде осы сөзге лайық нәрсені аз табамыз. Себебі бұл сөздер біздің жүрегімізден жырақтап, тілімізге тұрақтап қалған. Көңіліміздің қалауына еріп, дүниенің артынан жүгіріп келеміз. Аллаһ пен Оның Елшісі бұйырған нәрселерді орындауға келгенде, салғырттық танытамыз, жалқаулыққа бой ұрамыз. Соның себебінен иманның дәмін сезе алмай, құлшылыққа құлшына алмай жүрміз. Бұл біздің Аллаһ пен Оның Елшісіне [Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын] деген лайықты танымымыздың, махаббаттың жоқтығын көрсетеді. Сөйте тұра,өзімізді бейне бір амандықта жүрген пендедей сезінеміз. Бұл үлкен сорақылық. Бірақ тілімізде әлгіндей сөз тұр. Бұл сөз жүрегімізге орнығып,амалымызбен ұштасса, игі еді...
Похожие видео
Показать еще