БЛОГГЕР ҚЫЗДАРҒА ЕСКЕРТУ HD

28.12.2020
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Арзан атаққа елірген жастар, боямасыз азғындыққа ұшыраған толерантты қоғам. Бұл қазіргі Қазақстанның сипаты. Айтарым көп ақ. Еститін құлақ, тыңдайтын пенде жоқ жоқ. Бүгінгі таңда инстаграм және ю туб әлеуметтік желілерінде әлеуметтің әуесқойлығын пайдаланып алған жатып ішер жалмауыздар көбейіп кеткені жасырын емес. Ғибратты сөз айтатын ғұламаларды емес, пәтуасіз, рияға бой алдырған блогерлерді пір тұтатын болдық. Еркек кіндіктілер еріккенің ерменгін істеп жүр. Оны алдыңғы видеоларымызда баяндаған болатынбыз. Қатын-қалаштар Алланың әмір еткен ақ орамалын келекеге айналдырып, тақуаның кейпін танытып көпшілікке кеңес айтуға көшті. Ол кеңестері адамның руханиятына дем беретін мотивті әңгімелер болса бір сәрі еді ғой. Интимді әңгіме. Төсектің айналасынан әрі аса алмайды. Күйеуің әлсіз болса, әйелің пәк емес болса деген небір айтуға ауыз бармайтын тақырыпты жіпке тізген маржандай етіп көрсетуге мәстір. Соңғы кездері намазхан қыздардың интернеттегі тым шектен шығып жүрген істерін көріп тіпті жағамызды ұстайтын дәрежеге жеттік. Ұят дегенді ұмытты. Әй жиналсайшы, қойсайшы “Ұят иманнан, ұят кетсе иман кетеді” десең терісі жиырылып өзіңе кері шабады. Оны қойып одан әрісі көз зинасы деген жат дүниені өздеріне тән дүние қылып алып жүр. Өзіңді жарыңа сақта деген сөздерді тіпті елемей де кетті. ⠀ Сөзімнің төркініне көшейін. Тек хиджабтағыларға айтайын, басқаларына сөз қондыру мұң сірә, кім жаман мен жаманның күйі баяғыша... ⠀ Соңғы кездері хиджабтағы қыздардың біразы ғашық болып жүрген вайнерлердің дәрежелері өсіп, оны өз араларында естері кете рекламировать етіп жүрген қыздарымыз жетерлік. Алдында “намазхан қыз тек намазхан ерге шыға алады” деген стористегі сөзімді көріп біраз қыз атылған. Несіне атыласың? Менің сөзім ба? Әйелі күйеуінің дінінде екені анық айтылған . Ізденің, хадисте айтылған ол сөздер. Махаббатым деп ессіздікке түсіп жүріп, сені тозақтың отыны қылатын кей адамдарға жар болып жүрме. Өз иманының күйін дұрыстай алмай жүрген еркекті иманымның жартысы болады деп жүрсің бе? Иманның иісін де сезбеген адамның қалыбы 40-50 жасар адамға кәмпит берсең жемейтіні секілді дүние. Ол сенің кәмпитіңді сенің көңіліңді қалдырмас үшін, сені жақсы көргені үшін алуы мүмкін, бәлки шынайы Раббыңның разылығы үшін емес. ⠀ Вайнерлердің әйелі болуды қалағандардың фотосының интернетте қалай жарқырап, ерлермен қалай жақын араласып жүргенін көз көріп жүр. Даюс(әйелін қызғанбайтын ер) жәннатқа кірмейтіні белгілі, ал жары күйеуі қайда болса сонда болары хақ. Енді намазхан отбасының, Раббысын таныған жігіттің, әйелінің иманын бүтіндеп жүрген ерлердің отбасын қара, оны да көріп жүрміз. Қайсысы жақсы? Егер қалауың дунья, ақша болса жүре беруге болады әрине. Бірақ ақырының не болары хақ қой. Ал егер қалауың екіншісі болса онда Раббыңа шүкір ет. Себебі сондай берекелі, әйелінің сұлулығы тек күйеуі үшін болған, балалары Құран жаттап, хадиске амал еткен отбасыны кім қаламайды?! ⠀ Осы пікірімнен бір ой түйерсіз, бәлки бағытыңызды өзгертерсі

Похожие видео

Показать еще