Жерді жалға алғаннан сатып алған арзанға түседі HD

09.11.2015
Оны бүгін бізге еліміздің Ұлттық экономика министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтты. Ол жақында ғана Сенат депутаттары қабылдаған Жер Кодексі туралы заңдағы өзгерістерді тізбелеп шықты. Қарапайым халық үшін тиімді тұстары көп екенін айтты. Эльвира Тағайқызы, тілші -Қайырбек Өскенбаев мырза айтқандай, осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығындағы жерлердің 98,8% ұзақ мерзімге жалға беріліп келген. Тек 1,2 пайызы ғана жеке меншікте болды. Сондықтан болар олардың дені бос, нарыққа пайдасыз күйде қалып отырды. Ал енді Жер Кодексіндегі өзгерістер бойынша ондай жерлер аукцион арқылы жеке қолға беріле бастайды. Мәселен, оны ірі кәсіпкерлер ғана емес, қарапайым жұмысшылар, тіпті студенттер де сатып ала алады. Ол үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылды. Құжатта дәл қазір жалдамалы жерде еңбек етіп отырған азаматтарға да жағдай жасалғанын атап өту керек. Олардың жерді сатып алуына барлық мүмкіндігі бар. Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары -Мысалы, 49 жылға берілді ма мына жер, жалға алған азаматтың ерте сатып аламын деуіне құқы бар. Онда тікелей сол азаматтың өз арызы бойынша сатылады. Ешқандай аукцион өткізілмейді. Кадастрлық бағасының 50 пайызына дейін түсуге болады. Ақша төлеуін 10 жылға созуға болады. Айта кететін жайт, Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде егістік алқаптарын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі көрсеткендей, 7,3 млн гектар аумақ бос жатыр екен. Осы уақытқа дейін 2 млн гектарынан астамын мемлекет өз иелігіне қайтарды. Енді олар да аукционға шығарылатын болады. Қожалықтардың сатып алуға деген құлшынысын арттыру мақсатында жердің жалға алу бағасы көтеріліп, сатып алу құны төмендейтінін де айта кету керек. Жүргізуші: Эльвира, егер аталған жерлерді жеке меншікке сатып алатын болса, мемлекетке қанша қаражат түседі? Ол жағын анықтадың ба? Эльвира Тағайқызы: Иә, ол ақпарат бізге белгілі. Вице-министрдің айтуынша, егер егістік жерлер сатыла бастаса одан 600 млрд теңгеге дейін қаражат түседі. Осы кезекте айта кетейін, бүгінде ел аумағының 24 млн гектарынан аса жерін егін алқабы алып жатыр. Тыңайған жер көлемі – 2,5 млн гектар. Шабындық жер 2 млн гектар және жайылымдық жер 66,2 млн гектарды алып тұр. Тағы да бір айтарым, Қазақстандағы жер шетел азаматтарына мүлдем сатылмайды. Олардың тек 25 жылға дейін жалға алуға мүмкіндігі бар. Онда да жерді игерудегі жаңа технологияларды ұсынған жағдайда ғана.

Похожие видео

Показать еще