Павлодарда бағаға келіспей қалған бизнесмендер дау шығарды HD

29.04.2021
Павлодар облысы Екібастұз қаласында бір бағытқа екі түрлі бағамен билет сатқан тасымалдаушылар дау шығарды. Қос тарап, билет бағасын теңестіруге келіспей қалған. Себебі, Екібастұз сапаржайы облыс орталығына қатынайтын автобус жолақысын 1100 теңгеден сатса, теміржол вокзалын жалға алған тасымалдаушы билетті 750 теңгеге саудалаған. Ал өңірдің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арзан билет сатқан тасымалдаушыға жұмысын тоқтату туралы хат жолдапты. Барлығы билет бағасының біркелкі болмауынан басталған. Екібастұзда Павлодарға жолаушы тасымалдайтын екі бірдей компания бар. Бірақ, бәсекелес бизнесмендер бағаға келгенде келіспей қалған. Өйткені, сапаржай басшысы тасымалдаушыға билет бағасын көтеруді сұрапты. БАЛТАБАЙ ҚАППАСОВ, "Зейін" ЖШС директоры: – Сол 750 теңге бізге жетеді. Өйткені, 750 бізге пайда. Ал автовокзал 1100 теңге үшін билет сатып жатыр. 400 теңгесін өз қалтасына салып жатыр. Халықты қалай солай алдауға болады. Кәсіпкердің бұл уәжімен сапаржай директоры келіспейді. Сөзінше бәсекелесі жолаушыларды тасымалдаумен заңсыз айналысып жатыр. Сондықтан да бағаны арзандатып отыр дейді. ЕЛЕНА ВЛАСЬЕВА, «Екібастұз» сапаржайының директоры: – Ал біз бағаны түсіре алмайыз. Өйткені, пандемия салдарынан жолаушылар саны күрт азайып кетті. Шығынға батып жатырмыз. Қазіргі күннің өзінде қызметкерлеріме жалақы да төлей алмай отырмын. Қарызымыз 2 млн-ға жетті. Құзырлы органдар заңсыз жұмыс істеп жатқан тасымалдаушыны тоқтатпай отыр. Екі кәсіпкер арасындағы даудың кесірінен жолаушылар қиын жағдайда қалған. Құны қалтаны қаппайтын билеттен олар да айырылғысы жоқ. КЕНЖЕ ӘЛИЕВА, жолаушы: – Жүретін бір-ақ автобус, ешқандай айырмашылық жоқ. Біздің де қалтамыздан ақшамыз нетіп жатқан жоқ ғой. Пенсионерміз мысалы. Мен жалғыз өзім үйде пенсионермін. Мен неге 750 мен бармаймын, неге мен 1200-дің автобусымен баруым керек. Ал басқарма өкілдері «арзан» тасымалдаушының ісі заңсыз дейді. Өйткені, заң бойынша бір жерде екі бірдей тасымалдаушы болмайтынын айтады. ЕРМЕК СӘРСЕНБАЕВ, Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы: – Қазір біз аталған мәселені шешу үшін сотқа жүгіндік. Екібастұз қаласында екі бірдей тасымалдаушыны ұстау қаншалықты заңды? Сол себепті кәсіпкерге жұмысын тоқтату туралы ұсыныс хат жолдадық. ЗҰЛҚАРНАЙ ЕРМҰРАТҰЛЫ, тілші: – Тараптар кімнің заңды, кімнің заңсыз жұмыс істеп жатқандығын анықтау үшін құзырлы органдарға шағымданған. Екі тасымалдаушы арасындағы дауға енді сот нүкте қоймақ. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #кәсіпкерлер #даулы_баға #тасымалдаушылар

Похожие видео

Показать еще