Тағы шу! «Оператор РОП»-қа көліктерін өткізген азаматтар ақшаларын 9 айдан бері алмаған HD

09.09.2022
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» операторы төңірегіндегі шу әлі басылар емес. Анығы - утилизация алымымен айналысқан мекеме сан мың адамды сандалтып қойған. Есігін торып жүрген ел ескі көліктерінің берешегін ала алмай дал. Президенттің пәрменінен соң жұмысын тоқтатқан мекеме «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына өткен. Алайда бар міндетті мойнына жүктеп алған «Жасыл Дамудан» жауап алу қиынның қиыны дейді ел. Бұл тозығы жеткен түрлі техникасын тиын-тебенге өткізіп жаңалаймыз деген жұрт. Жыл басында дау болып дақпырты Президентке жеткен «Оператор РОП» мекемесі жабылып тынған-тын. Жер-жерлерде утиль мәселесі ушыққан соң, Президент бұл істі «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына тапсырған. Сонда жұрт сең қозғалды деп сенген. Алайда, тоғыз айдан бері бұл мәселенің толғағы таусылмапты. ДАНИЯР СЕЙДУАЛИЕВ, Шаруа қожалығының жетекшісі: – Бізге конкретно тоқ етерін айту керек қой, не болады? Немесе өткізген комбайндарымызды берсін. Өткізген нәрсеміздің ақшасын қайтарып берсін. Астанаға звондадық нақты айтатын нәрсесі жоқ Үкіметтің. Бізге ақша керек. Шаруалар не істейді? Сол комбайндармен күн көріп отыр ғой. Мұндағы елдің басым дені ауылшаруашылық техникаларын өткізген. Әр көліктің жағдайына қарай сертификат берілуі тиіс. Сол арқылы жұрт алғашқы жарнасын төлеп жаңасын алуы керек еді. Бірақ, берілген сертификат та жоқ, барының мерзімі өткен. Ал өткіземіз бе деп есептен шығарған көліктері енді санда бар да санатта жоқ. ЖАНБОЛАТ ОРАЗБАЕВ, Шаруа қожалығының жетекшісі: – Бұған жауап беретін адам жоқ. Қазір «Жасыл Даму» деген мекемесіне өткізген дейді. Ол не аты жоқ. Не жөні жоқ, не мекен тұрағы жоқ. АСИМА ЕГЕНБЕРДИЕВА, Тараз қаласының тұрғыны: – Не ақшамыз жоқ. Тоғыз ай болды. Не техникамыз жоқ. Ол біздің күн көріп отырған техникамыз еді. Ашылды ғой деп тағы да бір ескі техникамызды учеттан шығардық. Оны енді өткізе алмадық. Не ақшамыз жоқ, не машинамызды қайтармайды. Әр аймақтың тұрғындары осында келуді әдетке айналдырған. Алайда ешкім мәселенің мәнісін ұғып, бас қатырмайды деп ашулы. Ал бұл мәселеге тікелей жауапты министрлік бар шаруа шешілмесе де сертификат мерзімін ұзартуға күш салып жатқандарын мәлімдеді. ОЛЖАС БЕРКІНБАЕВ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғаммен байланыс департаментінің директоры: – 2021 жылғы 19 қаңтардан 2022 жылғы 18 қаңтарға дейін берілген жеңілдік сертификаттарының қолдану мерзімін ұзарту бағытында жұмыс атқарылып жатыр. Өзге де қосымша жаңалықтар болған кезде қоғам тарапы мен БАҚ өкілдерін міндетті түрде ақпараттандырып қосымша ақпарат береміз. Ал есептен шыққан көліктердің "тағдыры", жалпы бұл бағыттағы жұмыстар болашақта жалғасын таба ма, жоқ па ол жағы әлі ашық күйінде қалып тұр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Похожие видео

Показать еще