РЕССЕЙЛІК НӨМІРІ БАР КӨЛІКТЕР ИЕЛЕРІ ТІРКЕУДЕН ӨТПЕСЕ НЕ БОЛАДЫ? ҚАРАҢЫЗ HD
Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлікті тіркеуге қоймаса не болады. Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген көліктер көбейіп келеді. Ал әкімшілік полиция көрші елден темір тұлпар алатындарға сақ болуға кеңес беріп отыр. Себебі арасында сот санкциясы салынған, тіпті, Ресейдің өзінде тіркеуде тұрмаған автомобильдер аз емес. Көлікті тұрақты тіркеуге қоймаса, не болады? Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұрмаған көліктер бір жыл жүре алады. Одан кейін оны шығару қажет. Бір айдан кейін қайтадан кіруге болады. Техникалық байқаудан шет елде өтуге тура келеді. Салық та сол жерде төленеді. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, бүгінде көрші елден келетін көліктердің ішінде сот үкімімен шектеу қойылған автомобильдер аз емес. Оны кез келген уақытта арыз түсірген адамға өндіріп беруі мүмкін. Мәселен, Қазақстанда жүрген бір ресейлік көлікке сотпен 100-ге жуық шектеу салынған. Осылайша, сот талабы орындалмайынша көлікті тіркеуден шығаруға да, қоюға да рұқсат жоқ.
Похожие видео
Показать еще