СОҢҒЫ КӨШ, Оспан батыр Исламұлы, Osman Islam uli / Қытай Қазақтары 1000 видео

12.11.2014
ОСПАН БАТЫРДЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ. Бір өзіме бәрі аян сырым анық, Сұм ажалды қайтемін есіме алып. Бәрінен де туған ел қымбат маған, Көз алдымда езілген қайран халық, Қараңғыны қақ жарып өтсем-деп, ем, Үмітіме қол жетпей болдым ғаріп. Бақ іздеген көз алмай азат таңнан, Кім ұғынар жанымды азапталған Құр даурығып бірлікке бас қоспаған, Сорлыларға не дейін мазақ болған. Бірі орыс, бірі қытай табанына, Тапталып жоғалуға аз-ақ қалған. Елдіксіз қай елдің де тозар бағы, Ұлттық Рух дем беретін сол ғой жаны. Халқының арын қорғап қолдамаса, Қалайша жерді басып жүре алады?! Түсінсең өлгендер ғой тірілей-ақ, Былғаған ата жұрттың, босағаңды. Оны айтсам таусылғандай бар амалым, Тордағы арыстандай аһ ұрамын. Тәңірім жазбасыншы құл қылуға, Алаштың еркін өскен ұл қыздарын. Күрескен түбі жетер жеңісіне, Намыстың көктен іліп жұлдыздарын! Алтын күн нұр сәулесін ала қашып, Соңғы рет жасыл қырдан барады асып. Айнала бар маңайға күміс сеуіп, Тәңірдің қаламындай бояу жағып. Дүние-ай, бірер сәтке мұрша берсе, Жетер-ем туған жерге қанат қағып! Бас имес кім заңына жаратқанның, Көрмеймін енді қайтып таң атқанын. Маужырап жас сәбидей ешбір үнсіз, Астымда аяғымның тау жатқанын. Көрмеймін тәкапар өр шыңдарды да, Көтерген зеңгір көкке саусақтарын. Көрмеймін ару тектес өзендерді, Жеткізген сырға толы ғажап әнін. Соңғы сөз кеудемдегі бар тілегім, Қор болмай жат қолында туған елім. Жетсе екен арман қылған мақсатына, Ту қылып ар ожданмен, дінмен, тілін. Ұрпағы жолын жалғап бабалардың, Көрсетсе арман барма ерліктерін! Ұшуға қырандардай еркін самғап, Бойында баба қаны жүрсе тулап. Жоғалтпас дем біткенше тектілігін, Көрінер биіктерден елін қорғап. Ұлы едік Көк Бөрінің ерлік сүйген, Өр Рухым тыным таппас әлем шарлап! Сүймеген опасыз жан масылдарды, Ол демер елім -деген асылдарды. Қадірін бір-бірінің білгендерді, Ақиқат жырын төккен ақындарды. Бауырым, Оспан ғой-деп, еске аларсың, Көргенде көкте ойнаған жасындарды! Қош енді, шаң түсірмей ажарыңа, Барамын тіке қарап ажалыма. Айрылма Ұлы Түрік бірлігінен, Салем де даламдай кең қазағыма. Даусымды жеткізерсің жырға қосып, Мен көрмей арман қылған жаздарыма! https://www.facebook.com/photo.php?fbid=1584302055152308&set=pcb.1584302408485606&type=1&theater Дала көкжалы http://www.zhasalash.kz/ruhaniyat/14777.html

Похожие видео

Показать еще