«Айлықтың бәрі тамаққа!». Қазақстанды жаңа жыл қарсаңында қымбатшылық тағы қысады HD

25.10.2021
Азық-түлік бағасы ай сайын емес, енді апта сайын қымбаттап барады. Қалтаны қағып жатқан қарапайым әлеуметтік өнім. Ауыл шаруашылығы министрлігі, баға саясатына араласа алмаймыз, бастысы импорттық болсын тауар жеткілікті екен деп отыр. Ал жергілікті әкімдік бағаны тек санаулы сауда орталықтарында ұстап тұруға қауқарлымыз дейді. Кейбір экономистер, жаңа жыл қарсаңында қымбатшылық халықты тағы қысады деп отыр. Ресми мәліметке сенсек, жыл басынан бері әлеуметтік азық-түліктің құны орташа 10 пайызға қымбаттаған. 19 түрлі өнімнің 18-і шарықтап, тек күріш 22 теңгеге арзандапты. Бағасы ең көп өскен сәбіз-30 пайыз. Картоп-14,қырыққабат 18 пайызға қымбаттаған. Қарақұмық-61, құс еті-137, сиыр еті-233, сұйық май-155 теңгеге өсіпті. Әкімдік қаладағы бірнеше сауда желісі мен кейбір базарлардағы азық-түліктің бағасын ғана бақылай аламыз дейді. Қазір мұнда картоп-98, Пияз-86, сәбіз-110, қарқұмық-435, ал 44 теңгеден болуы керек жұмыртқаны сөреден таппадық. Кәсіпкерлік басқармасы, өзге сауда орындарына пайызсыз несие ұсынсақ та, төмендетілген бағамен өнім саудалауға келіспейді деді. Ал дәл жаңа жылдың алдында баға осы қалпы болатынын айтып отыр. ДАМИР ТАЗАБЕК, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары: – Күрт қымбаттап кетпейді, бізде үлкен желілермен келісім-шарттар бар. Бүкіл желілермен сөйлесіп жатырмыз, базарлармен. Біз кез-келгеніне ашықпыз. Бірақ кәсіпкерлер өзінің пайызын, пайдасын ойлап келіспейді. Өйткені бұл бағдарламамен олар өздері шығынға батады. Еттің биыл бірден 20 пайызға қымбаттағанын айтқан кәсіпкер Сырым Аманжолов, әкімдіктің бұл бағдарламасынан мүлдем пайда көрмей отырмыз дейді. Кәсіпкерлер, бұған клиенттерді тарту үшін амалдың жоқтығынан барады екен. СЫРЫМ АМАНЖОЛОВ, кәсіпкер: – Бізге әлеуметтік бағаға келісмге отырған кезде жазда болған. Жаздың алдында болған. Ол кезде бізде нарықта баға басқа болған. Қазір 4 айдай уақыт болды жұмыс істеп келе жатырмыз, ай сайын баға өсіп жатыр. Тығырықтан шығу үшін ішкі өнімді арттырып, қойма салу керек деген экономист Мақсат Серәлі, баға жаңа-жылға дейін тағы 15-20 пайызға шарықтайды деп болжап отыр. МАҚСАТ СЕРӘЛІ, экономист: – Жазғы өнімін қыста сақтай аламайды. Сосын жылдам-жылдам сатудың амалын ізідейдін , экспортқа өткізіп жібереді. Ал оны жасау үшін әкімшіліктер үлкен қойма соғу керек. Және сол кәсіпкерлерге біз саған қойма береміз, сіз бізге осындай бағамен өткізіңіз деп. Ал ауыл шаруашылығы министрлігі, әлеуметтік тауардың 80 пайызы өзімізде өндірілетінін айтады. Импорттық өнімнің басым бөлігі алма73 пайызы сырттан тасымалданады. , құс еті 58, шұжық өнімдері 61, ірімшік пен сүзбе 51, қант 31, және балық 75%. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31

Похожие видео

Показать еще