Ербол былықтың бәрін ашты/Қазақты миллиондап тонағандар табылды! HD

30.06.2021
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Қазақ неге кедей? Айлығымыз неліктен шайлығымыздан артылмай отыр? Санамызды тұрмыс билеуіне кімдер кінәлі? Қазаннан қақпақ кеткенде, ұяты кеткен иттер кім? Қазақты миллиондап қырған Голощокиннің немересі, халықты миллиондап тонап отырғанын білесіз бе? Бұл сұрақтардың жауабын сізге Көрген дұрыс! Бұл ащы шындықтың негізгі өзегін Ербол Мәндібектің мәнді мақаласынан бастағым келіп отыр. Тимур Құлыбаев 3 млрд АҚШ доллары. Болат Өтемұратов 3 млрд. Владимир Ким 4 млрд, Александр Машкевич 4 млрд. Төртеуінің байлығын теңгелесең триллиондар шығады. Осы сабаздардың ең құрығында біреуі бір нәрсе ойлап тауып па? Әрине жоқ. Мәселен, Билл Гейтс Microsoft-пен байыды. Әйгілі өнертапқыш Стив Джобс мобилді гаджеттің атасы атанды. Джек Ма интернет қойма ойлап тапты. Марк Цукерберг, Джефф Безос, Уоррен Баффет, Ларри Эллисон, Джим Уолтон осылардың бәрі өз еңбегімен байыған адамдар. Өз жерінің, өз елінің байлығын сыртқа сатпаған. Керісінше, ойлап тапқан өнімін жер жаһанның бәріне саудалап, біз сияқты аңқау елдерді алдап-сулап, Патох, Машкевич, Ким сияқты кісілермен келісіп өзге елдің байлығын өзіне тасыған нағыз патриоттар. Әрқайсы әйтеуір бірдеңке ойлап тауып, соны дамытып өз мемлекетінің тұтас тіреушісіне айналған. Ең қызығы Қазақстан 30 жыл бойы мұнайды, мырышты, алтынды, күмісті әйтеуір жердің астымен үстіндегі бардың бәрін сатып әлгілердің жиған байлығына жеткізе алмаппыз. Мысалы бір ғана Джефф Безостың қазіргі байлығы 113 млрд АҚШ долларынан асады. Қазақстанның 30 жыл бойы ұлттық қорға жиғаны 60 млрд долларға да жетпейді. Неге кредитімізді жаппайды, не үшін бәрі қымбат, неге өйтпейді, неге сөйтпейді деген сауалдарға простой жауап осы. Барында батып ішкен мұнайдың да құны қазір көк тиын. Экономикадағы ең өкініштісі, бұтымызға киетін дамбалдың өзін өндіре алмағанымыз. Елдің арасынан ең бейшарасын іріктеп алып тамаққа талғажу қыл деп 42 500 теңге төлейтініміз де сондықтан. Көрмегенді көріп, індеттен өліп, демалатын баллон, емделетін талон таппай тілін тістеген халықтың нервісі не деген мықты ә? Тимурға, Болатқа, Кимге, Патохқа, Сашаға өкпелеуге болмайды. Өйткені олар күллі халықтың алдында жауапкершілікті мойнына алған Үкіметтің өкілі емес. Саудасы сақал сипағанша жүретін тап-таза сатармандар. Халықтың зарын емес, нарықтың заңын аңдығандар. Осылардың шикі затты сатып шексіз баюына мүмкіндік берген билік пен бұқара бірдей кінәліміз. Бір кездері Демігіп дәріні иттей болып іздеп, ақырында Өзбекстан, Ресей, Араб, Қытай секілді бірнеше елден сарыла гуманитарлық көмек күттік. Жұмысы жоқ, банкке белшеден қарыз халық бұған балаша қуанбағанда қайтеді енді??? Жалпы, мына отыз жылға созылған жемқорлық дәуірде қазақтың бетіне дос пен дұшпан салық қып басатын дүниелер аз боп жатқан жоқ. Десек те, соның ішінде бетімізге ең шіркеулісі, ұлттық ар ұятымыздың жоқтығының, намыссыздығымыз бен сорлылығымыздың белгісі - Голощекиннің жиені Машкевичке қазақтың байлығын отыз жыл бойы есепсіз тонаттырғанымыз, стратегиялық нысандардың кілтін қолына ұстаты

Похожие видео

Показать еще