ТОҚАЕВҚА ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ - ӘР ОРЫС МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ! HD
Бәріңізге ассалаумағаликум. Путин Украинаға қарсы соғыс бастағанда ресейліктердің 83 пайызы Путинді қолдаған. Онда неге қазір олар елдерін тастай қашты? Егер Путин соғыста басым түскен болса қашқандардың көбі Украина туын өртеп, тойлап жатар ма еді? Мәскеуде адам қалмай бара жатқаны рас па? Ресей депутаты қазақтарға қандай ескерту жасады? Ал қазақтың қай ақыны ресейліктерге жаны ашып өлең арнады? Министрдің өзі алдарына іздеп баратындай орыстың қай атасына қарыздар едік? Өте маңызды апараттарды сізге білген дұрыс! ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ Ресейліктер алды-артына қарамай қашқаны соншалық Мәскеу қаңырап қалған сияқты. снх: Ал бұл күндері біздің үкімет өз халқының жағдайын жасауға қолдары тимей жатыр. Бүкіл уайымы қонақтардың көңіл-күйі. Мүмкін қонақтар кеткен соң асықпай өзіміз отырып шәй ішетін шығармыз. Мәселе сол қонақтар кете ме?! Ресей билігінің өзі сатқындар, қашқындар деп жатса біздікілер шәй-тамағын беріп бәйек болуда. Тіпті министр Бағдат мусиннің өзі алдарына іздеп барды. ЖСН алуды жеңілдетуге уәде берді. Банк картасын ашу да оңай болатынына сендірді. Ғажап әәәә? Енді журналист Дәнеш Баймолданың фейсбуктегі парақшасына жазған мына әңгімесіне зер салыңызшы. Дубай метросында мынандай оқиғаға куә болған едім. Вагонда қарама-қарсы қара нәсілді жігіт отырды. Бір стансада ішке бір топ ақ нәсілді жігіт кірді. Әлгі қара бала орнынан атып тұрып орын берді. Біз таң қалдық. Өйткені бос орын көп еді. Кейін ойлана келе қара баланың қылығын түсіндім. Өйткені оның ата-бабасы 5 ғасыр бойы еуропалық ақ нәсілділерге құл болған еді. Құлдық сана қанға сіңгені соншалық, оның еркін ұрпағының өзі еркінен тыс ақ нәсілдінің алдында құлдық ұрады. Кәдімгі Павлов итінің рефлексі сияқты ғой. Отыз жыл ішінде біз мемлекеттік деңгейде ұлт менталитеті мен рухын көтермедік. Ол түсінікті де. Рухы әлсіз халықты билеп-төстеу оңай. Нәтижесінде қазір бізде Орал, Қызылжар, Кереку секілді Ресеймен шекаралас қалаларда тілі сары қаракөздер елін тастай қашқан ресейліктерді тегін үйіне жайғастырып, темекісіне дейін әперіп, иіліп төсек, жайылып жастық болса, үкімет басшысына дейін келген "қожайындардың" қамын күйттеп "асанқайғыланып" отыр. Ұмытқандар болса, еске салайын Путин Украинаға қарсы соғыс бастағанда ресейліктердің 83 пайызы Путинді қолдаған. Бізге келгендердің дені соғысқа қарсы болғаннан емес, соғысты телевизордан көрсеткен шоу ретінде қабылдап, енді кезек өзіне келгенде елін тастай қашқандар. Бұл жағдай көзі ашық, көкірегі ояу ел азаматтарының зығырданын қайнатуда. Құлдық сана дамуымызға әлі қашанға дейін кесірін тигізер екен? Орыстардың қашып келгені аздай анау жақта Ресейдің депутаты Сергей Миронов Қазақстанда орыс этностарына қысым көрсетіліп жатқанын айтып, ескерту жасады. Бұл туралы «Адырна» сайты хабарлады. «Қазақстандағы русофобияның кез келген көрінісі біздің қоғамда өткір реакция туғызады. Бізге қарсы үгіт-насихат жасағандардың жағдайы қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. Қазақстанда Z және V белгілеріне тыйым салынды. Бұл енді бейтараптық емес»,—депті депутат. Өзімізге де обал жоқ осы. Олар қанша қоқан-лоқ жасап жатса да жайлып жастық-иіліп төсек болудан шаршамай ақ келеміз. Әне бір ақынымыз оларға өлең арнады. Кім дейсіз ғой. Балтабек Нұрғалиев. Кезінде Назарбаевқа "Уа, Нұр-Атам, Құдайым, Сізден басқа жоқ Құдай" деп жыр арнаған ақынымыз бұл жолы Уа, ресейлік бауырларым, Тыйылмай тұр дауылдарың. Бұл сынақ та өтер-кетер, Сарқылмасын сабырларың, Уа, ресейлік өрендерім, Болашаққа елеңдедің. Жақсылыққа қадам басып, Жамандыққа жөнелмедің — деп төгіп-төгіп тастапты. Өз туған елінен безіп біздің елге келіп жатқан орыстарды адам ретінде түсінуге болғанмен адамда ар-ұят, намыс деген болады. Соның өлшем таразысына салып қараған кезде біз оларға көмектесуге міндетті емеспіз дейді қазақтың тағы бір ақыны Мұнайдар Балмолда. Бұлар Құдайдың аштық, жұт, ауру, зілзала, өрт, табиғи апат секілді сынағына душар болып жатқан жоқ! Бұлар өз мемлекетінің билігі шығарған жарлықты орындаудан бас тарта алмай, бас тартса айтар еді, митингіге шығар еді, ондайдың бірін де істемей, үн-түнсіз шекара асып, қашып келіп жатқандар! Босқындарға жатпайды! Бірақ адам енді. Бірақ ұстанымдары жоқ. Іштей сол соғысты жақтайтыны көп. Оны жасырады әрине. Қазақстанда біздің елдің заңына бағынуы тиіс! Мерзімі біткен күні келген жағына ай-шайға қарамай шығарып салу керек! Күштеп болса да! Мерзім бітті, ендеше біздің де сендерге деген қонақжайлығымыз осымен бітті деп! Ал шақырылмаған қонақтарға жалбақтақтаушы жас пен кәрі, сендердікі ұят, масқара әрекет! Бұларың қонақжайлыққа жатпайды! Бұны - жалағыштық деп атайды! Құлдық сана сендердің сүйектеріңе сіңген! Сендер Қазақ та, қазақстандық та емессіңдер, Адам ретінде де құндылықтарың төмен! Сендерден бөтенге үретін қабаған ит артық! Сендердің нәресте кездеріңде жауырындарыңа түскен тәңірлік көк таңбасынан түк те қалмағаны белгілі. Сендерде азу жоқ! Күшік кездеріңде, тіпті жатырда жатып таланған немелерсіңдер! Қазақ қасқырдай қайсар, қайратты, азулы болуы керек! Қазағым, азулы бол!