ДИВАН БОҚТАРЫ - ҮЙІНЕ ТЫҒЫЛЫП ҚАЛДЫ! ОРЫСТАР ҚАЗАҚТЫ ТЕПКІЛЕП...
Бәріңізге Ассалаумағалейкум! Осы біз, аталарымыздың несімен мақтанып жүрміз? Менің ата - бабам пәленше. Олар «батыр, балуан, шешен, мерген, би, болыс болған» деп мақтанғанда, жер көкке сыймаймыз!! Тіпті, Шыңғысхан мен Конфуциді де, аталарымыз» деуден арланбайтын болды! Рас, аталарымыз солай болған! Ал біз, өзіміз солардай бола алдық па? Соларға ұқсай алдық па? «Тектіден текті туады» дейді, атам қазақ! Сонда біз тегімізге тартпай туғанбыз ба? Аталарымыздың несімен мақтанып жүрміз? Аталарымыздың атағымен қанша мақтансақта, тау қопара алмайтындығымыз шындық! Арғысын айтпағанда, соңғы бір ғасырлық уақытта, қазақтай қырғын көрген ел жоқ екен. Ақын Қадір Мырза Әлі айтады: Орыстандыру саясаты кезінде, соңғы жүз жылдықта тоқсан жеті ұлт жойылыпты, - деп. Жойылғанда олардың бәрі қырылып қалмаған, орысқа жұтылып, сіңіп, азып-тозып кеткен ғой. Бірақ, ең көп қырылғаны, ең басты қырына алғаны – «қазақ болыпты». Сөйте тұра қазақ сіңіп құрымады, өліп түгемеді, аман қалды. Неге? Себебі, қазақтың бойында отаршыл орысқа қарсы ерекше иммунитет орнатылған еді. Жәй ғана орыспен дастарқандас болып, үйінен ас ішу үшін ширек ғасыр, арағын ішу үшін тағы ширек ғасыр кеткен, болмысымен сіңісуге жүз жылы жетпей қалған. Сөйтіп, жүргенде Кеңес үкіметінің өзі құлап, қазақтың тырнағы Тәуелсіздікке ілініп үлгерген екен. Ал, қазақты «жұту» үшін не бір идеология жүріліпті. Бір орыс бір қазақтан көрші қылып көріпті, (осы күнде ауылдардағы қоржын үйдің көбі солай салынған дейді) шошқа бағуға зорлап, бірлі жарым көнгендерінің құшағын гүлге толтырып газетке шығарыпты. Сыйлық беріпті. Арақты тегін таратыпты. Уақытында Ленин жылқы мен шошқаның етін араластырып «достық» деген колбаса шығарыпты... Қыз беріп, қыз алыспақ болыпты. Жоқ, қазақ қасқырдай қасарысыпты. Содан Ақбілекті аяусыз зорлады (ақ орысы не, қызыл орысы не бәрібір орыс емес пе). Сондағы Ақбілектің анасының өліп бара жатқандағы айтқан сөзі: «Жел тигізбей аялап өсірген, ары аппақ қызымды кәпірдің қорлағанын көргенше өліп кеткенім артық!..». Өліп кетті. Ақбілек алғаш есін жиғанда «Алла, Алла, Алла» деп үш рет айтады. Енді қараңыз, орыстың талқысына түскен Ақбілекті бүкіл ауыл «орыстың қорлауына түскен қыз», «бойына харам жұққан» деп аза бойы қазақ болып түршіге, тітіренеді. Аяп, жаны ашып тұрғандарымен, шынтағынан демеп жіберуге жүрексінеді, бойы тітіркеніп қабылдамайды. Сондықтан Ақбілекті диуана Ескендір ауылға әкеледі. Одан кейін, әрине шоқындыру. Бір жағына көр қазып, бір жағына крест пен шырақ қойып, «крестке бұрылсаң ғана тірі қаласың» деп мылтық кезенгенде, «адамға келетін ақыры бір өлім, шоқынып кәпір болып өлгенше, Алланың алдына мұсылман қалпымызда барайық, қанеки, ат» деп өзіне қарай ақырған «аю» шалдардың қыңырайған мойынын мылтық та түзете алмапты... Аштық, саяси қуғын-сүргін, ату, шабу ары қарай жалғасты. Сонда да ішін бермеді. 36 молланы бір жерге отырғызып, «Құдай бар ма?» деген жалғыз ғана сұрақ қойып, «астағфыралла» дегенде маңдайынан атып кете берген оқиғаны осы күні көзі тірі адамдар айтып отыр. Сонда жа