ТӨРЕҒАЛИ ҰЛЫ БОЛАТЫНДАЙ НЕ ІСТЕДІ?!

28.12.2017
Ұлы - деген сөзді Абай атамызға айтсақ жарасымды. Бауыржандай дара батырымызға, Қаныш Сатпаев ағамызға, әлде Мұстафадай арыстарымызды ауызымыз толтырып айта аламыз. Дәл бүгінгінің ақыны дейтіндей Ринат Зайытовтай осып айтқанын естімеппін. Пәтуасы жоқ "Біртүрлі қыз" деген әнінің нотасының өзі шетелден сол күйі ұрланған. Мейрамбек Беспаевтың "Мен сендердің Мейрамбегіңмін" деген әнін тыңдап көрдіңіздер ме? Жоқ. Бұл да Ресейдің Басковы секілді "менен асқан әнші жоқ" деген сарында мақтанудан жалықпайды. Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер. Не дейін? Респект! Журналистердің ішінде Дана Нұржігіт, Ермұрат Бапи ағамыз да әншінің бұл ісін құптамады. Бірақ, уот, менің жазғаныма барлығы шүйлігіпті. Браво! Айналып кетейіндер, бұрын да жазғанмын, тағы да қайталап айтамын: "Кім берді Төреғалиға "Ұлы дала баласы" деген атақты?!" Мен бергенім жоқ. Менің құрбыларым, таныстарым Батырхан Шөкенов, Роза Рымбаева, Димаш Құдайбергенді ғана тыңдайды. Талантына бас иеді. Сіз бердіңіз бе сол атақты? Төрелігін айтыңыздаршы өздеріңіз? Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де "мен, мен" деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді? Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: "@нек" дегені қай сасқаны?! Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді. Тағы айтамын. Қарияның не айтқанында шаруам жоқ. Ол кісі бар болғаны суын ішіп, ауызы көпіріп сөйлеп, сахнада емес тойда жүргендей болған әншіге ызалы болды. Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. "Шығарып жіберіңдер" деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса "шал, шал" деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін шығаруда. P.S: Мына аудиожазбаны тыңдап көрсеңіздер, кімнің кім екенін білесіздер. Асхат Садырбайға да жазған сөздерін оқи отырыңыздар. Шоу-бизнестегілер маған базынасын айтты. Әрі қарай өздеріңіз көрерсіздер. Ертең министр Арыстан Мұхамедиұлы туралы постымда толығырақ жазамын. Жолдан шаршап

Похожие видео

Показать еще