Төреғали Төреәлінің отбасы пандемия кезінде Түркияға саяхаттап кетті HD
Отандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің ата-анасы мен қос қарындасы пандемияға қарамастан Түркия еліне демалысқа аттанды. Жұлдызды әулет мүшелері бүгінде Стамбұл қаласының әсем жерлерін аралап, сол жердегі жерлестерімен кездесуде деп жазады KAZ.NUR.KZ. Төреғали Төреәлінің жақындары бауырлас елге саяхаттап кеткенімен, өнер иесінің өзі Қазақстанда қалған. Қызығы, әншінің қарындасы Фариза Төреғали бұл демалысқа жолдасы Дархан Нортаевсыз, тек өз ата-анасы мен сіңлісімен барған. Эстрада жұлдызының қос қарындасы Instagram желісінде барынша белсенді болуға тырысып, демалыстары қалай өтіп жатқанымен бөлісіп жүр. Жақында ғана тұрмысқа шыққан Фариза Төреәлі шетелге жолдасынсыз бір өзі баруының себебін оқырмандарына ертең айтып беруге уәде етті. Төреғали Төреәлі өз кезегінде Instagram парақшасында Stories бөлімінде әкесінің "Дикий Арман" лақап атымен танымал қылмыс серкесі Арман Жұмагелдиевпен түскен фотосын жариялады. Стамбұлды мекен еткен отандасымыз жұлдызды әулет мүшелерімен арнайы кездескен болу керек.
Похожие видео
Показать еще