Қауіпті «Омикрон» Қазақстанға жетсе, жаңа жылдық отырыстарға тыйым салынуы мүмкін HD

02.12.2021
Қазақстанда ковидтің «Омикрон» жаңа штаммы анықталып, жаңа жыл қарсаңында мерекелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынса, 450 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы Бас санитар біздің уәжімізді алдын ала ескерсе дейді. Онсыз да әбден қарызға батқан кәсіпкерлер, биыл да қатаң шектеу қойылса, құрдымға кетеміз деп отыр. Дәл пандемия басталған кезде 100 миллион теңге құйып осы мейрамхананы ашқан кәсіпкер содан бері ай сайын 3 миллион теңге шығынға батып келеміз дейді. Енді жаңа жылдық кештен барынша табыс таппасақ наурыз айына дейін тамақтану орындарының жұмысы жөнді жүрмейтіні белгілі екенін айтады. Тіпті, қазіргі шектеулердің өзі көп кедергі келтіріп жатыр дейді. АЖАР ФАТХУЛЛА, кәсіпкер: – Бізге осы бизнесті нөлге алып келу үшін бізге күніне 450-500 мың теңге касса жасау керек. Бәрібір карантин әрі қарай болып жатыр, ешқандай шектеулер шешілген жоқ. Түнгі 1-2-ге дейін жұмыс істеу, бізге ол уақыт жетпейді. Себебі, біз таңғы 7-8-де ашсақ та, қонақтардың көбі түнде қыдырады. Осы айдың соңғы он күндігінде корпоративтік іс- шаралардан кәсіпкерлер 2-3 айдың кірісін табуымызға мүмкіндік бар дейді. Ал мерекелік кешті қыркүйектен бастап қабылдап қойған олар карантиндік шектеулер қатаңдатылса, алдын ала төлем жасаған клиенттерге ақшасын қайтарып бере алмайтындарын айтады. ГҮЛБАНУ МАЙҒАРИНА, Кәсіпкер: – Егер қайта қатаң шектеулер енгізілсе де, кәсіпкерлер еш нәрсеге қарамастан жұмыс істейді. Тағы да мейрамханалардың артқы есігінен қонақтарды кіргізу басталады. Өйткені, көбі тапсырыс қабылдап қойған. Мұның арты клиент пен кәсіпкерді соттан сотқа сүйреумен аяқталуы мүмкін. Тамақтану орындарындағы айналым мөлшермен 70 миллиард теңгені құрайды. 60 мың нысанның тек 6 мыңы ғана банкет өткізеді. Ал онда 450 мың адам нәпақа тауып отыр екен. Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #жаңажыл #корпоратив #көңілді_отырыстар

Похожие видео

Показать еще