Ресейден Қазақстанға ағылып келіп жатқан бизнесмендердің кесірінен санкцияға ілініп кетпейміз бе? HD

20.05.2022
Санкцияның астында қалған Ресей кәсіпорындарына Қазақстанда өндіріс орындарын ашып, жұмыс істеуіне кеңінен мүмкіндік беру керек. Осылай деген кейбір экономистер, бұдан тек еліміз экономикалық жағынан ұтады деп отыр. Қазірдің өзінде Ресей мен Белорустің 19 жүк тасымалдаушы компаниясы елімізде ресми тіркеліп, Еуропаға тауар тасымалдап жатыр. Бірақ, бизнеске нақты шарт қоймасақ, Қазақстанның өзі санкцияға ілініп кетуі мүмкін дейді сарапшылар. Ресей мен Беларусиядан келіп, Қазақстанда кәсіпорын ашуды көздейтін кәсіпкерлерді шеттеткеніміз жөн емес деген сарапшылар, еліміздің үлкен тәуекелге баратынын бірден түсінуіміз керек деп ескертеді. Сондықтан, көрші елге нақты талап қоя отырып, экономикамызды жандандыруға берілген мүмкіндікті ұтымды пайдалану қажет екенін айтты. АРМАН БЕЙСЕМБАЕВ, экономист: – Кәсіпорын ашатын компания міндетті түрде заңды түрде тіркелу керек. Тек Қазақстан азаматтарын ғана жұмысқа алуы шарт. Еліміздегі жұмыссыздықтың бір бөлігін осылай шешуге болады. Салықты өзге бизнес өкілдерімен теңдей төлесін. Осылай біз бюджетті толықтыра аламыз. Меніңше, олар салықтан жалтаруы мүмкін. Бізден бөлек, қазір Ресеймен бірлесіп жұмыс істеуге әзір отырған елдер баршылық. Соның бірі Түркия. Оларға кім, қандай жеңілдік жасайды сол жаққа қарай ығысады. Экономист, Ресейден Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отырған Еуропа мен батыс компанияларының құрамында Ресейлік құрылтайшылар болуы әбден мүмкін екенін айтады. Бұл тұста да, Ресей санкцияларды айналып өтпек. Яғни, Қазақстан арқылы кейбір еуропалық тауарларды, әсіресе, жоғары технологиялық өнімдерді өткізуге жол ашылмақ. Қазір Еуропаға тауарларды алып өту үшін Ресей мен Беларусь елінен 676 жүк көлігі бар 19 логистикалық компания ресми түрде Қазақстанға келіп тіркеліп, жұмыс істеп жатыр. ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ: БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АВТОКӨЛІК САЛАСЫНДА ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН 41 КӘСІПОРЫН БАР, ОНЫҢ ІШІНДЕ: - БЕЛАРУСЬ - 13 КӘСІПОРЫН 511 БІРЛІК АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫ ПАРКІМЕН; - РЕСЕЙ - 6 КӘСІПОРЫН 165 БІРЛІК АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛЫ ПАРКІМЕН. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ ЗАҢ АЯСЫНДА БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН АШУҒА ШЕКТЕУ ЖОҚ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚР 43 ЕЛМЕН КЕЛІСІМДЕР ЖАСАЛДЫ, ОЛАРМЕН ЖЫЛ САЙЫН ШЕТЕЛДІК РҰҚСАТ БЛАНКІЛЕРІНІҢ КВОТАЛАРЫМЕН АЛМАСУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. Ал өзіміздің отандық 370 автокөлік компаниясы 7 мың 615 жүк көлігімен алыс шет елдерге шығып жатыр. Еңбек нарығында күрделі өзгерістер болуы үшін көрші елден қызмет көрсететін емес, өндірістік компаниялардың өзі келуі қажет екенін Үкімет ескеріп, қажет болса оларға жеңілдік те қарастыру керек деп отыр сарапшылар. Өйткені, Ресей нарығынан әскери қақтығыстың басында кеткен компаниялардың 80 пайызы қайта өз еліне оралып жатыр екен. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 T

Похожие видео

Показать еще