Кім көмектеседі? 60 астам қазақстандық азамат Өзбекстаннан елге қарай өте алмай отыр HD

04.07.2022
60-тан астам отандасымыз Өзбекстаннан Қазақстанға өте алмай отыр. Көрші елге қыдырып барған қазақстандықтар Даут-Ата бекетінен өтеміз деп жоспарлаған. Алайда, Өзбекстан тарапы елдегі жағдайға байланысты шекараны уақытша жапқандықтан, қарбалас басталған. Қазір бекеттен жеңіл және жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынған. Төрт күн көлікте түнеп жатқан кішкентай балалардың ыстығы көтеріліп, қариялардың денсаулығы нашарлап жатыр екен. Ал Сыртқы істер министрлігі отандастырымызға үш уақыт тамақ беріп, жәрдемдесіп жатқандары туралы ақпарат таратты. Сондай-ақ, екі ел арасында Қазақстан азаматтарын өткізу бойынша келіссөздер де жүргізіліп жатыр екен. Алайда, шекараның қашан ашылатыны белгісіз. САТБАЙ ОСМАНОВ, Қазақстан азаматы: – Мына жерде әйел, бала-шаға бар. Денсаулығы нашар адамдар бар. Скорыйлар келіп хабар алып жатыр. Бізді, осы Қазақстан азаматтарын өз еліне постты аштырып, Өзбекстанмен байланыс құрып, бізді өткізулерін сұраймыз. 60-тан астам адам бар. 16-дай жеңіл көлік бар. 200-дің үстінде жүк көліктері бар, фуралар. Өзбекстаннан өте алмай отырған отандастарымыз кері қайтуға мүмкіндік жоқ дейді. Себебі, көрші елдегі жанармай құю бекеттеріне жету үшін 150 шақырым қара жолмен жүру керек. Ол жанармай құятын станса бар болған күннің өзінде Өзбекстандағы жағдайға байланысты елде газ, бензин сатылып жатқан жоқ. Оның үстіне қаражаттары да таусылып жатыр екен. ЖАНАТ АЙТЖАНОВА, Қазақстан азаматы: – 400 метр жерден Қазақстанға өтіп кетуіміз керек. Біздің басымыздың қауіпсіздігін ешкім ойламайды. Бізге кейін қарай кетіңдер дейді. Бізде ешқандай мүмкіншілік жоқ кейін қарай кетуге. Ал, сыртқы істер министрлігі отандастарымызды үш мезгіл тамақтандырып жатырмыз деп отыр. Бұл жағдай Өзбекстандағы дипломаттардың бақылауында екен. Қазір көрші елмен келіссөздер жүргізіліп жатыр дейді. Алайда, шекара қашан ашылатыны белгісіз. Өмір Серікбекұлы Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Өзбекстан #шекара толқулар #Қарақалпақстан

Похожие видео

Показать еще