Қытай лагерлеріндегі этникалық қазақтарды туыстары жақын арада көре алмайтын секілді HD

12.03.2021
Қытайдың лагерлерінде жатқан этникалық қазақтардың Қазақстандағы туыстары ет жақындарын жақын уақытта көре алмайтын секілді. Өйткені, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері де, қандастарды қолдаумен тікелей айналысатын "Отандастар" қорының мүшелері де "Қытайдың ішкі саяси мәселесіне араласа алмайтындарын" айтты. Алматыда Қытай консулдығы алдында наразылық акциясы жүріп жатқанына 1 айдан асты. Бірақ, ол жерде шырылдап тұрған азаматтардың мәселесін "Отандастар" қорының вице-президенті «үкімет араласатын дүние» дейді. МАҒАУИЯ САРБАСОВ, «Отандастар қорының» вице-президенті: – Алматыдағы жағдай әрине өкінішті. Біз білеміз оның барлығын. Ол бойынша біз өз ұсыныстарымызды бердік. Ол енді сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық жолдары арқылы пысықталатын шаруа. Мағауия Сарбасов Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне қандай ұсыныстарды жеткізгенін бізге айта алмаймын деді. Ал, Сыртқы істер министрлігінің өкілі "саяси лагерьде отырған этникалық қазақтар Қытайдың азаматы, ішінде сотталғандары бар, бұл мәселе ұзаққа созылады" деді. Айтуынша, "саяси лагерьде қысым көруге" қатысты Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне 5-6 адам ғана арызданыпты. МҰХТАР КӘРІБАЙ, ҚР СІМ Консулдық қызметтер департаментінің қазақ диаспорасымен жұмыс істеу басқармасының басшысы: – Ұзаққа созылатын мәселе болуы мүмкін. Өйткені кейбір деректер бойынша ол азаматтарда қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде сотталған азаматтар бар. Сотталған азаматтар боулы мүмкін 5-10 жылға дейін. Жазаға кесілген азаматты босатып жібер деп айту қалай болады? Ал бүгінгі жиында 30 жылдан бері шешілмей жатқан мәселелер көтерілді. МҰҚАН МАМЫТХАН, "Отандас ел" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті: – Қарасай ауданында Ауғанстаннан келген 20 қазақ жүр. Әзір 15 жыл болды азаматтығын ала алмай, күні бүгінге шейін 10 рет, 20 рет сот болды. Осы соттан не дейді? Қазақ екеніңізді дәлелдеп келіңіз деп шығарады. Мұндай қағазбастылық өте көп. Мысалы, қолында оралман куәлігі бар талай адам азаматтық ала алмай жүр. Ол үшін виза керек. Бірақ, біздің заң органдары қазақ екенін дәлелдемесе виза қоймайды. Ары-бері сандалып жүргенде оралман куәлігінің уақыты өтіп кетеді. Мұқан Мамытхан: "бұл мемлекеттік органдардың қолдан жасап отырған кедергісі" деді. АЙБАР ТӨЛЖАНҰЛЫ, Тілші: – Сөз алғандардың барлығы да бюрократияның кедергісін айтты. Бізде қандастардың мәселесімен Дүниежүзілік Қазақтар қауымдастығы да, Отандастар қоры да айналысады. Оған ішкі істер және сыртқы істер министрлігін қосыңыз. Бірақ, қазақ екенін дәлелдеп, құжатын беруге келгенде "аққу, шортан һәм шаян" екендерін өздері мойындап отыр. Айбар Төлжанұлы, Дидар Елеуов Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #Шыңжаң #этникалық_қазақтар #саяси_лаге

Похожие видео

Показать еще