46 АДАМДЫ ӨЛТІРІП... HD
Бәріңізге Ассалаумағалейкум Жоқ болса бере алмайтын, бар болса көре алмайтын қытайлықтар тағы да кімге соғыс ашпақ? Үндістанның 20 әскерін өлтіруге не себеп болды? Піл мен құлдың Отаны, қысықкөз Қытайға төтеп бере ала ма? Соғысқа дайынбыз деген премьер министрдің сөзі қаншалықты рас?! Үшінші дүниежүзілік соғысты кімдер күтіп отыр? Бұл туралы сұмдық ақпараттарды сізге Білген дұрыс Үндістаннан 20 адам, Қытайлықтардың 46 адам қайтыс болған қанды оқиғаға 2 ай да толып үлгерген жоқ. Тағы да шиеленістің шырпысы тұтанғалы тұр. 8 тамыздан басталған шекара маңындағы қарулы қақтығыстар әлі күнге дейін тоқтатылар емес. Піл мен Аждаханың айқасын алақанын ысқылай отырып ақырған аю мен түз тағысы кәрі бүркіт асыға күтіп отыр. Қай жеңгені менікі дейді ау, шамасы Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры дейміз бе, себеп сол баяғы шекара сызығын анықтай алмау. Гималай етегіндегі 60 мың шаршы шақырым жерді қос ел 45 жылдан бері бөлісе алар емес. 1975 жылдан бері алғаш рет оқ атылды. Бұл оқта-текте кездесетін шөре-шөре шағын кикілжіңдер ме, әлде ірі жанжалдың, шынайы соғыстың алғашқы белгілері ме? Оқиғаның шарықтау шегі осыдан екі ай бұрынғы, 15 маусымнан 16-на қараған түні болған. Қытай тарапы үнді әскері шекараны екі рет заңсыз кесті деп көршісін айыптап отыр. Әрине, мұндай ірі кикілжіңдер аяқасты болма қоймайды ғой. Биыл 5-6 мамыр күндері шекараны патрульдеу барысында екі ел арасында алғашқы қақтығыс болған. Жағдай ушыға бастаған соң 20 мамырда қос тарап шекара бойына бірнеше мың сарбазын жіберіп үлгерген. Жанжал Гималайдың Ладакх аймағындағы Галван аңғарында, Қытай мен Үндістан шекарасында тіркелген. Бірақ маусымның басында Үндістан мен Қытайдың әскерилері кездесіп, жағдайды бейбіт түрде шешуге уағдаласқан. Алайда аталған келісім 10 күнге де жетпеді. 15 маусым күні қос тарап әскері тағы да соқтығысып, жоғарыда айтылған адам шығыны орын алған еді. Жалпы, Қытай көршілермен бөлісе алмаған жерлеріне басып кіретін әдеті бар. Мысалға алып қарайтын болсақ, биыл 19 сәуір күні Парамель аралдары мен Спратли архипелагында Қытайдың екі әкімшілік округы пайда болды. Оларды сырттай Хайнань провинциясының құрамына қосып қойды. Недеген пысықайлық десеңізші. Бейжіңнің бұл әрекетіне Вьетнам да қарсылық білдірді, бірақ оны елеп-ескерген, әке көке деп отырған Қытай жоқ. Пысқырмайды да. Бұл елдің келесі көздегені Сенкаку архипелагы болуы да бек мүмкін. Оны бір қауым уақыттан бері, аралдың королы Жапониямен бөлісе алмай келе жатыр. Азия құрлығында Қытаймен ешбір ел ашық қарсылыққа барғысы жоқ. Оның бүгінгі әскери әлеуеті де баршамызға мәлім. Тіпті, жер үшін де. Соның бірі – Үндістан. Алайда бұл демократиялық деп танылған мемлекет, яғни түрлі саяси күштер премьер-министрден үнемі қатаң жауапты талап етеді. Өз кезегінде Үндістан көршісімен ашық қарсылыққа бармай, Қытайға қарсы одақтас табуға тырысады. Нью-Делидің бұл ниетін АҚШ жақсы түсінеді. Сондықтан ла қол ұшын беруге тырысары хақ. Шынында, Піл патшалығы мен Аждаханың айқасатындай күні туса кім жеңеді? Кімг