Бабам Кiм???

06.01.2014
http://www.youtube.com/channel/UCdzj9qeFyKizfAWA8q5E-GA Алыстагы журген Кандастарга!!! Бабам кім? Мұхиттың ортасындағы, Кішкене құрлық секілді Қазақтардың шағын қоғамы Мәскеуде өмір сүреді. Сол жерде мен бір күні Отырдым жұмыс қамымен. Бөлмеге енді ақсақал, Еуропаша киінген. Тілін бұрап қиналып, Амандасты қазақша. Қазақшасы бітіп сонымен, Кетті сөйлеп орысша. Өңінде мұң, даусы дірілдеп, деді маған: “Қарағым”, Айтайын саған біраз сыр, Уақытың болса тыңдағын. Бір кесе шай алдына, Құйып қойдым әдеппен. Құлағым сізде,- дедім де, Отырдым үнсіз ізетпен. Орысша бәрін айтамын, Ұмыттым, деді, қазақша. Мәскеуге мынау келгенмін, Соғыстан кейінгі кұрылысқа. Ұлы жүз болады тегім, Басқасын анық білмеймін. Ата-ана ерте кеткен соң, Елден де, қол үзгенмін. Жалғыз ұлым бар менің, Одан бар жалғыз немере. Сол немерем себеп болып, Келдім, – деді, сіздерге. Жұбайым да, жетім болатын, Шиелі жақтын қазағы. “Ел жаққа бір барсам!” – деп, Ішінде кетті, арманы. Жастықпен ел қәдірін Білместен жүре беріппіз. Түсімде көріп ауылды, Көзге жас келеді, еріксіз. Келінімде қазақтан Білмейді ол да, еш туысын. Тағдырдың сыны шығар бұл, Адасқандарды бір қосқан. Қазақтардың бас қосатын, Орталығы деп, келдім. Айтайын тоқ етерін, Айтатын мұңым көп менің. Немерем сырттан келді де, “Айт деді, Бабам кім менің? Паша мен Коля бабасын Болған дейді,- дворянин!” Әкемнің атын білемін, Қалған жоқ , өңі есімде. Бабамның кім болғанын Сұрамаппын мен мүлде. Жетесіз мына күйімді, Жетпістен асып түсіндім. Тегімді, ана тілімді, Білмейтініме күйіндім! Жалғыз ұл, жалғыз немере, Бабасын білмей өсіпті. Ел менен жерге, махаббат, Кешігіп маған жетіпті. Көзінен жасы сорғалап, Қария отыр солқылдап. Жіберген менің қәтемді, Айт деді, елге жақсылап. Тырналар бірге тыраулап, Бірге ұшып, бірге қонады. Оралып туған жеріне, Жылда бір сәлем, қылады. Тырна құрлы, мен сорлы, Туған жерді сүймеппін. Ұрпағыма жеткіншек, Не қасиет үйреттім ? Сабақ болсын басқаға, Айт қарағым, жаз -деді. Барамын елге осы жаз, Қонысым мәңгі сол,- деді! Жарқын Өтешова.Мәскеу. http://www.minber.kz/2010/06/ http://my.mail.ru/mail/sajakaz/ https://www.facebook.com/kmamezanov?r... https://twitter.com/ http://www.odnoklassniki.ru/?_erv=vuy... http://turkiler.com/profile

Похожие видео

Показать еще