Тоқаев: «Жосықсыз бизнесмендердің дәурені тоқтайтынына жуырда көз жеткізесіздер» HD
Қаңтардағы қақтығыстан кейін қазақстандықтар мемлекет, ұлт ретіне қайғылы оқиғадан сабақ алып, тез арада қалыпқа келеді. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Тәжікстан Президенттерінің алдында осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазір мемлекеттік басқару, Ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық саясатты реформалап, Жаңа Қазақстанды құрып жатырмыз деді. Ал, Қытай халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин сыртқы күштердің неше түрлі төңкерістердің қолтығына су бүркіп, адам құқықтары деген сылтаумен ішкі істерге араласуына қарсы екенін айтты. Сондай-ақ "Қытай Қазақстанның зорлық-зомбылықты тоқтату мен жағдайды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін барынша қолдап, көмек көрсетуге дайын» деді. Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев шекаралық аймақтарда логистикалық орталық салуды жалғастырамыз, заңсыз схема құрып, көптеген кәсіпкердің жолын байлаған жосықсыз бизнесмендермен күресіп келеміз, жуық арада олардың дәурені тоқтайтынына көз жеткізесіздер деді. Сондай-ақ, Қазақстанға кірген және еліміз арқылы үшінші елге тасымалданатын тауарларға ешқандай зиян келмейді деп отыр. Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы өткен жылы 17 милилард АҚШ доларына жеткен. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қытайға экспорттап отырған 135 түрлі тауардың жеткізу көлемін арттыру үшін Орталық Азия, Қытай министрліктер консультациясын іске асыруды ұсынып отыр. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті: – Из 40 миллиардов долларов китайских инвестиций в государства Центральной Азии половина приходится на Казахстан. Это тоже очень показательная цифра. Поэтому вполне закономерно, что наша страна стала крупнейшим торговым и инвестиционным партнером Китая в регионе. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ЖаңаҚазақстан #реформа #геосаясат