ТОҚАЕВТЫҢ ЕСКІ/ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫ HD
ТОҚАЕВТЫҢ ЕСКІ/ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНЫ Тоқаев Бүкіл әлемге “Жаңа Қазақстан” құрып жатырмыз, енді біздің мемлекетімізде шынымен демократия болады. Заң — тек халыққа жұмыс жасайды, құзырлы орган халықпен санасады, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асады деп, өтірігін айтып көзбояушылық жасауда. Мына видеоға қарасаңыздар, Қазақстанда заңның жоқ екендігін, құқық қорғау органдары құқық қорлау органдарына айналып кеткендігін және нағыз қылмыскерлер жұмыс жасап жатқандықтарын көрсіздер. Видеода азаматтық қоғам белсендісі — Жұлдыз Полатова, өзінің басынан өткізген жағдайын айтып берді. 1 мамыр күні полиция қызметкерлері Жұлдызды заңсыз ұстап, Алматы қаласының Алатау аудандық полиция бөлімшесіне алып келеді. Сол басқармада полиция қызметкері, криминалды бөлім басшысының орынбасары Исаханов Мақсат Жұлдызға: — “бетіңе айтайын, сен малсың, қалпақ. Сенің көзіңді құртып жібереміз” - деп, балағаттап қысым көрсетеді. Сол жерге шақыртылған Іле аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Бейбіт және Асқар, Жұлдызды Іле аудандық полиция бөлімшесіне алып кетеді. Ол екеуі де, өз бандасынан қалыспай, Жұлдызды балағаттап, боқтап, моральді және психологиялық қысым көрсетеді. Полиция қызметкерлерінің соншалықты қатыгездік танытып, көрсеткен қысымдарынан кейін Жұлдыз қатты налып өз-өзіне қол жұмсауға шешім қабылдап, бір қолының тамырын кесіп тастайды. Тоқаев жарнамалап жүрген "Жаңа Қазақстан" осы, бұл жүйеден ешқандай үміт күтудің қажеті жоқтығының дәлелі. Кешегі митингілердің басты талаптары халықтың жағдайын көтеру және Ресеймен құрған тиімсіз, зиянды одақтардан шығу болатын. Демек, билікте отырған адамдар халық жаулары, ал Тоқаев Путин деген қанішердің қуыршағы. Достар, Жұлдыздың басынан өткерген заңсыздықтарын тоқтатудың бір ғана жолы бар - бәріміз жаппай атсалысып, болған жағдайға бей-жәй қарамай, өз қызметін атқара алмайтын полиция қызметкерлерінің тиісті жазаларын алуларын талап етуіміз қажет. Қазір Жұлдыз ауруханада жатыр. Ертерек аман-есен жазылып шығуына тілектеспіз. Жұлдызға қолдау көрсетіп, жылы лебіз сөздеріңізді жеткізуге шақырамыз! ПРОШУ ПОДДЕРЖАТЬ КАНАЛ 16/12. ЕСТЬ 6 СПОСОБОВ ПОДДЕРЖАТЬ: 1. Разовая поддержка банковской картой, например, отправив средства, используя вашу карту Каспи для международных переводов. Номер карты получателя: 5352590011527903 Имя получателя: Umitken Akhmetova Страна получателя: Литва 2. Ежемесячная поддержка банковской картой https://www.patreon.com/1612info 3. PayPal: zameke.1177zz@gmail.com 4. Банковский перевод Akhmetova Umitken Счет - LT077180300283733195 SWIFT - CBSBLT26A Банк - AB SIAULIU Bankas Адрес Банка - Vilnius Seimyniskiu g. 1A, LT-09312 5. Bitcoin кошелёк 1Sqw6Y6TotqgQWDddrC63KLkC7daPyvKH 6. Monero кошелек 86pNioDNXqi5YK2qa6kfgiUd7MZx25dRBFuzXi334NouUHWR8dciqLvc6r7hfri5vnA9LqokvfZCFR6PXtT2781iNvBruGd
Похожие видео
Показать еще