Бұл шеру бұрынғыдан өзгерек HD
Бүгін Нұр-Сұлтанда бір топ ана жиналып, өзге шерулерге ұқсамайтын жаңа деңгейдегі акция өткізді. Шеруге арнайы дайындалып келген азаматтар қолдарына талаптары жазылған плакат ұстап, тіпті, Қасым Жомарт Тоқаевтың атына үндеу жазып келіпті. Үкіметке бірнеше талап қойып жиналған топ пайызсыз баспана мен әр балаға 42500 теңге төлену керек деген ұстанымда. Бұған дейін құқығымыз тапталып келеді деген олар Еуропарламентке де шағымданыпты. Нұр-Сұлтанның Конгресс холының маңына аналар екі жыл бұрын Көкталда 5 бүлдіршіннің өмірі қыршыннан қиылғанда бір жиылып еді. Содан бері түрлі алаңда көптің проблемасын күйттеп жүрген аналар талай шеруге шықты. Алайда бүгінгі шеру өзгеше болды. Әдеттегі айқай-шу жоқ, қаз-қатар тізілген оншақты ана плакаттарына Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап дайындаған қарардағы талаптарын жазған. ҚАНАҒАТ ШҮМЕНОВА, белсенді: – Обеспечить доступный механизм обеспечения жильем для многодетных семей. И в целом всех матерей Казахстана. Оплата этого жилья должна быть в рассрочку 25-30 тысяч ежемесячно без процентов с последующим выкупом. Предусмотреть в действующем законодательстве запрет на пропаганду ЛГБТ. Аналар "Денсаулық кодексіндегі" бірқатар заңдарды да алып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, мектеп қабырғасында жыныстық қатынас туралы сабақ ерте жастан оқытылады екен. Ал заңдағы жыныс ауыстыру туралы бап елдің тамырына балта шабады дейді аналар. Жиналған топ мәжбүрлі түрде екпе алыруды да тоқтату керек дегенді алға тартты. Заң бойынша таңдау бергенмен кейін екпе салдырмаған баланы балабақша мен мектеп алмай қинайды екен. БАЯН ҚАЗБЕКҚЫЗЫ, белсенді: – Мы обращались в Европарламент. Написали заявление, чтобы они нас услышали, нашу проблему. Президент не знает о нашей проблеме. То есть, все акимы, замакимы, все министры, вот эти вот МВД, КНБ, которые ходят за нами, они не дают услышать глас народа. Жиналған топтың айтуынша, әкімдікте баспана кезегінде тұрған аналар тізімі "Отбасы банкіне" берілмек екен. Ал онсыз да әлеуметтік осал топтағылар несиені қалай төлемек деп шырылдайды. МӨЛДІР СӘРСЕНБАЕВА, белсенді: – Ал банк өздеріңіз білесіздер, өздерінің пайызын алмаса ол банк болмайды. Сондықтан кезекте тұрған халық, ата-ана бізді банк жүйесіне өткізуге қарсымыз. Себебі жердің асты-үстіндегі сатылып жатқан байлықтардан әрбіріміздің сіздің, оның, менің бір түйір болса да дивидентке хақымыз бар. Естуші құлақ болмай тұр деген аналар енді тікелей Президентке шағымданбақ. Ол үшін 4 тармақтан тұратын үш беттік қарар да дайындап қойыпты. Мұндай қадамға баруымызға 15 күн бойы талаптарымызды айтып әкімдікте жатқанда Көлгінов алдымызға шықпағанынан барып отырмыз дейді. Ал Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, әкім әр ананы 4-5 рет жеке қабылдаған, әр қайсының жағдайын да біледі екен. Дәлізде екі апта жатқанда барлық әкім орынбасарлары мен басқарма басшылары шығып, талаптарын тізіп тұрып жазып алды дейді ол. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/feature