Үстеме ақыдан қағылып жатырмыз деген алматылық дәрігерлер тағы да бас көтерді HD

08.07.2021
Алматының жедел жәрдем қызметкерлері тағы да бас көтерді. Өйткені жалақының үстінен түсетін үстеме ақы ауруханаға апарған науқастан коронавирус анықталса ғана беріледі деген ақпарат тараған. Олар мұндай өзгеріске түбегейлі қарсы. Ал мекеменің басшысы бұл мәселе толық шешімін таппаған деп ақталды. Қаланың жедел жәрдем қызметкерлері кезекшіліктен шыға сала осы ғимараттың алдына жиналды. 50-ге тарта маманның базынасы бір. Осы уақытқа дейін алып келген үстеме ақыларын азайтпау. Сөздерінше, қауіпті шақыртуларға барғандары үшін айлыққа қосымша шамамен 425 мың теңге беріліп келген. Оның өзін ай сайын осындай айқаймен аламыз дейді. ӘБІЛСЕЙІТ ҚАСЫМБЕКОВ, Алматы қаласы жедел жәрдем қызметінің дәрігері: – Июнь алдында майда да шыққанбыз осылай. Сонда да осылай төбелеспен, қырылыспен алғанбыз осылай. Енді осы июнь, июльдің ақшасы тоже сондай әңгімеге әкеп соғып тұр. Жиналғандардың айтуынша, бұрын үстеме ақы қандай шақыртуға барсаң да берілетін. Яғни, науқас тұмаумен ауырса да, өкпесі қабынған болса да қауіпті саналатын. Енді оның тәртібі өзгеруі мүмкін дейді. Жаңа тәртіп бойынша жедел жәрдем қызметкеріне шақыртуға барған адамынан ковид-19 анықталса ғана үстеме ақы жазылады. Оның өзінде науқастың коронавирус жұқтырғаны ПТР тест арқылы дәлелденуі керек. Мұндағы мамандар ондай процесс тым ұзаққа созылады. Сондықтан оған қарсымыз дейді. МАРИНА КОРНИЕНКО, Алматы қаласы жедел жәрдем қызметінің мейірбикесі: – Біз үшін әр науқас қауіпті. Өйткені ол кісі жедел жәрдем шақырғанда өзінің қандай аурумен ауырып тұрғанын білмейді. Коронавирус жұқтырған болса медицина қызметкеріне де жұғуы мүмкін. Сондықтан бізге науқастан ПТР тест жасап, содан кейін үстеме ақы беру орынсыз деп есептеймін. Ал көп күттірген басшы дәрігерлердің дүрлігуіне еш себеп жоқ екенін жеткізді. Сөзінше, үстеме ақы беру тәртібі қазір өзгермейді. Өйткені бұл мәселе әлі қаралып жатыр екен. ЕРБОЛ СӘРСЕНБАЕВ, Алматы қаласы жедел жәрдем қызметінің директоры: – Қазір үстеме ақы төлеудің екі нұсқасы қаралып жатыр. Біреуі ескі тәртіп бойынша. Екіншісі тек КОВИД-19 анықталған жағдайда ғана қосымша қаражат бөлу. Бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін таппаған. Енді жедел жәрдем қызметкерлеріне үстеме ақының түсуін күтуден басқа амал жоқ. Ал келесі айда қосымша берілетін қаражат қалай есептеледі. Ол да әзірге белгісіз. Өмір Серікбекұлы, Сергей Шуиский Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #ковид #үстеме_ақы_жыры #Алматы #дәрігерлер

Похожие видео

Показать еще