Бүгін Астананың нөмірі № 3 мектеп-гимназиясынан шу шықты

09.04.2014
Бүгін Астананың нөмірі № 3 мектеп-гимназиясынан шу шықты. Білім ордасындағы асханадан ірімшік жеген 11 оқушы уланып, ауруханаға түсті. Қазір жеке кәсіпкер тағам әзірлейтін асхананы құзырлы органдар тексеріп жатыр. Алайда, аспазшылар ірімшікті өздері әзірлемейтінін, дайын күйінде әкеп беретінін айтады. Сондықтан "балалардың улануы тендерді өзге кәсіпкерге беруді көздеген мектеп директорының әрекетінен болуы мүмкін" - деген болжам айтады. Даулы оқиғаның мән-жайын астаналық әріптесім Гүлбану Әниятқызы анықтап көрді... Бүгін Астанадағы нөмірі үшінші мектеп-гимназиясының оқушылары тамақсыз, аш қалды, асхананың есігі жабық. Тендерді ұтып алып, жұмыс істегеніне бар жоғы екі-ақ апта болған тамақтану орнының жабылуына 11 оқушының ірімшіктен улануы себеп болған. Кешкісін іштері ауырып, мазасы қашқан балаларға жәдел жәрдем дәрігерлері келіп, асқазандарын тазалап беріпті... НАДЯ ПЕРЕПЕЧКИНА: Тошнота была. Живот болел. Одному мальчику вообще плохо было. Лежал. ЕЛЕНА КРАВЦОВА, Ата-ана: Баба я отравился сказал. Чем отравился? Сырками сказал. Сказал, я так плакал рвал. Ал аспазшылар бүгін таңнан бері жабық тұрған асхананың есігін күзетумен жүрді. Оларға оқушылардың уланғаны туралы ешкім ескертпеген. "Ал ірімшікті әзірлеген аспазшылар емес, оны басқа бір кәсіпкер жеткізеді" - дейді. Сондықтан бұл дауға асхана қызметкерлері мектеп директорын айыптайды. Айтуларынша, жұмыс істеген екі аптаның ішінде басшы маза бермей, тырнақ астынан кір іздеп тексере берген. Тендерді өз адамына алып беру үшін директор түрлі әрекетке барды дейді... НАДИЯ КАБЫЛОВА, Асхана қызметкері: Нас хотят выжить не дают работать человеку. Алайда, ата-аналардың бірі мектептегі асхананың тамағы өте дәмсіз, тіпті жеуге жарамсыз деп шу көтерді. Оқушылар ішетін асты әзірлей алмайсыңдар деп аспазшылармен айқайласты. Тіпті, пісірген самсаларына дейін сын айтты... Почему сказала самса собачья? Я такого не говорила. Самса должна быть тесто слоеное, а такое вы вы кушайте в кафе. Мектеп директоры ең арзан ас мәзірін ұсынып, тендерді ұтып алған кәсіпкер келген күннен бастап санитарлық талаптарды сақтамады. Оқушыларға берілген ас мәзіріндегі тағамдарды әзірлемеді" - деп айыптап отыр. "Улануды ұйымдастырған директор" - деп айыптаған аспазшылардың айтқанын жала дейді... ЕЛЕНА ШЕВЕРНЯЕВА, Астана қ. №3 мектеп-гимназиясының директоры: Если поставщик отравил что можно говорит что может высше жизни ребенка.

Похожие видео

Показать еще