Алматыда несиесін төлей алмаған 48 жастағы әйел өзін-өзі өртемекші болды HD
Қазақстанда 5 миллионнан аса адамның мойнында несие бар. Оның біраз бөлігі проблемалы кредит екен. Финпром сарапшыларының зерттеуі бойынша, отандастарымыздың несие мен қарызға кететін ақшалары биыл 14,5 пайызға көбейген. Яғни, биыл азаматтар былтырғыға қарағанда қарыз бен кредитке шамамен 10 мың теңгеге көп төлейді. Ал, бүгін Алматыда несиесін төлей алмаған 48 жастағы әйел өзін өзі өртемекші болды. Мемлекеттік бағдарламамен қайта қаржыландыру үшін банк менеджерлері құжатты қабылдау уақытын созып жібергенін айтады. Ал берешегімді қайтармасам, банк сот арқылы жалғыз үйімді тартып алады дейді әйел. Өзімді өртеуге дайынмын деген Венера Мырзажанова 2015-ші жылдан бері несиесін төлей алмай келеді. Жалғыз басты ана 3 баласын өзі тәрбиелеп отыр екен. Айтуынша, 2006-шы жылдары 26 миллион теңге несие алған. Алғашында несиесін уақытылы өтеп отырған оның, кейін анасы өмірден өтіп, өзі ажырасыпты. Бір өзіме кредит төлеу қиын болып кеткеннен несиесін қайта қаржыландырғысы келеді. Алайда, кепілдікке қоятын үйі қайтыс болған анасының атында болғандықтан, біраз уақыт қажет екен. Ал, қайта қаржыландыруға өтінім бірінші желтоқсанға дейін ғана қабылданады. ВЕНЕРА МЫРЗАЖАНОВА, Алматы облысының тұрғыны: – Біз банкрот болдық. Дүкеніміз бар еді. Ол жабылды. Менеджер қайта қаржыландыруға өтінім қабылдағаннан кейін кем дегенде екі аптада жауабы шығатынын айтты. Ал, мен бірінші желтоқсанға дейін өтінім беріп үлгермесем, баспанамнан айырылып, балаларыммен далада қалатын түрім бар. Мен үйімнен айырылғым келмейді. Өзімді өртеп жіберуге де дайынмын! Венера Мырзажанованы қаржы ұйымының мамандары құжатын тездетіп қабылдауға уәде берді. Ал, "Рахым" әлеуметтік ұйымының басшысы елде әлеуметтік осал топқа жататын 40 мың адам несиелерін арнайы бағдарлама арқылы қайта қаржыландырған екен. Енді 2 мыңнан адам бірінші желтоқсанға дейін өтінімдерін беріп үлгеру керек. Бибігүл Шерәлиева, «Рахым» әлеуметтік үйінің басшысы: – Осы программа жабылады Құдай бұйырса. Осы программада 2300 адамның жағдайы кіріп, шешіліп қалсын деп осыны сұрадық. Ал, финпром порталының сарапшылары халықтың қарыз бен несиеге төлейтін ақшасы былтырғығы қарағанда 14,5 пайызға артқанын айтады. Зерттеу нәтижесінде, азаматтардың мұндай шығынға кететін қаражат көлемі 10 мың 200 теңгеге артыпты. Жалпы, Қазақстанда 5 миллионнан аса адамда несие болса, соның көбісі проблемалы кредит екен. Өмір Серікбекұлы, Ринат Абулхаиров Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #проблемалы_кредит #несие #қаржылық_жағдай