Екпе салдырған 41 жастағы азамат үш сағаттан соң қайтыс болды HD

06.05.2021
Ковидке қарсы екпе салдырған алматылық Бақытжан Нұртазин вакцина алғаннан кейін 3 сағат өткен соң қаза болды. Бақытжанның жақындары оның өліміне қан қысымының көтеріліп тұрғанына қарамастан вакцина салған дәрігерлерді кінәлайді. Ал денсаулық сақтау басқармасы қазір медициналық сараптаманың басталғанын айтады. Бақытжанның соңында зейнет жасындағы анасы мен жалғыз қарындасы қалды. 41 жастағы Бақытжан Нұртазиннің қан қысымы екпенің алғашқы дозасын алмай тұрып-ақ, 140-та 90 болып, көтеріліп тұрған. Бұған дәрігерлер мән бермеген соң, мен де еш қорықпастан екпе салдыртуға келістім депті жақындарына. Содан бері сол иық тұсы ауыра беретінін жиі айтып, шағымданып та жүрген екен. Жиырма бір күннен кейін вакцинаның екінші дозасын алып, 3 сағаттан соң қайтыс болған. ЮЛИЯ НҰРТАЗИНА, Бақытжан Нұртазиннің қарындасы: – Үйге келіп, тоқтамай құса берді. Кеудесінің қысылып жатқанын айтты. Ол сағат 12-де екпе салдырған. Ал үйге 12 жарымда келген. Жарты сағат дәрігердің бақылауында болмаған. Тіпті, жол-жөнекей анамызға хабарласқаны да сақтаулы тұр. Екпе салар алдында дәрігерлер оның денсаулығын мұқият тексермей, салғырттық танытқан. Ешқашан жүрегім ауырды деп айтқан емес. Бақытжанның бауырлары, жедел-жәрдемді 4 рет шақырдық дейді. Бөлімше мен үйдің арасы 3-ақ аялдама болса да, бригадалық топ 20 минуттан кейін жетті деп отыр. Ал екпені салған №3 қалалық емхана мамандары Бақытжан Нұртазиннің медициналық картасын ашып көрсетпей қойды. Денсаулық сақтау басқармасы гистологиялық сынақтың нәтижесі шықпай, қате кімнен кеткенін айта алмаймыз деп отыр. ЛАУРА МЫРЗАҒАЛИ, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқарма басшысы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы: – Дәрігерлердің бақылауында болған. одан кейін үйіне қайтарылған. Үйге келген соң жағдайы нашарлаған деп бізге хабарланды. Жедел жәрдем көмегі барғанға дейін Бақытжан Нұртазин әрине қайтыс болып кеткен. Індетке қарсы вакцинаны жұрт ақырындап салдыра бастағанда, бұл қайғылы жағдай көптің көңіліне күмән тудырғанынын көпшілік әлеуметтік желіде жарыса жазуда. Ал бірнеше күн бұрын Қазақстанның барлық өңіріне жеткізілген 400 мың доза қытайлық "Hayat vax" вакинасын әзірге 5519 адам алыпты. Әйгерім Ердәулет, Влад Шишко Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #вакцина #өлім #екпе #QazVac #СпутникV

Похожие видео

Показать еще