Жеке емханада 20 жастағы келіншек қайтыс болды
Ақтөбеде жеке гинекологиялық емханада 20 жастағы келіншек қапыда көз жұмды. Гүлдана Нұрмағанбетова өз аяғымен барып ақылы түрде ем қабылдаған. Келіншектің қандай жағдайда қайтыс болғаны беймәлім. Белгілісі кеше түстен кейін жолдасы Айдос Нұрмағанбетовпен бірге барып, жатыр түтікшелерін гинекологиялық жолмен аштырмақшы болған. "5 минуттық жұмыс" деп күліп келген келіншегінен қапыда айырылған азаматтың сенгісі жоқ. Марқұмның туғандары жеке клиникалық емхананың дәрігерлері салғырттық танытқаны үшін жауап беруі тиіс деп отыр.Айдос пен Гүлдана Нұрмағанбетовалар 1 жарым жыл бұрын отасқан. Жас отбасы осы уақыттан бері сәбилі болуды армандапты. Келіншек осыдан 8 ай бұрын дәрігерге қаралуды бастапты. Қаладағы ең "мықты" емханалардың бірі деп марқұм Гүлдананың таңдауы осы жеке медициналық орталыққа түсіпті. Бөпелі болудан қаражаттарын аямаған отбасылы жұп мұның аяғы біреуінің өмірін алып кетерін сезбесе керек. Марқұмның жолдасының айтуынша, келіншегі 8 айдан бері осы клиникада ем қабылдаған. Бірнеше ауыр ем-домдар жасатқан. Кеше түстен кейін "жатыр түтікшелерін" аштыру әдісі кезінде жарты сағат бұрын жамбасына ауырлықты сездірмейтін дәрі ектірген. Гүлдана ем-дом жасалатын бөлмеге ақсап, аяғын шаққа басып кетіпті. Бірақ, оның жағдайына қараған дәрігерлер болмады дейді жұбайы. Артынан қатты шыңғырған дауысын естіген. Алайда соңына дейін үмітін үзбеген Айдос Нұрмағанбетов дәрігерлер жұмыстарына салғырттық танытты дейді . Ем-домды көтере алмаған келіншектің жағдайын дәрігерлер өз беттерімен қалыпқа келтіргісі келген. Бірақ, бәрі де кеш болды. Емхана басшысы Әлия Шаңғараева өзі шақырған жедел жәрдем қызметі жас келіншектің өлімін тіркеген. Клиниканың дәлізін екі сағат бойы кезген Айдос Нұрмағанбетов ем жүргізген дәрігердің келіп кешірім сұрағанына қайран. Емхана басшысы мұндай "жатыр түтікшелерін" аштыру емі күнделікті бірнеше емделушіге жасалынатынын жасырмады. Бағасы да қымбат тұрады. Тек емделушінің қалауымен ғана. Медицинада көптен бері қолданылмай жүрген әдісті жақын қалалар Ақтау мен Орал, Атырау қалаларынан келіншектер арнайы келіп жасатады екен. Балалы болсам екен деген асқақ арманын "о дүниеге" арқалай кеткен Гүлдана Нұрмағанбетованың жұмбақ өлімі әлі де тексерілетін болады. Марқұмның денесі ертең қара жерге қойылады. Сайт телеканала http://www.rikatv.kz/ Twitter https://twitter.com/rika_kz Вконтакте https://vk.com/rikatv
Похожие видео
Показать еще