Маңғыстау облысында екі бала құдыққа түсіп қайтыс болды HD
Маңғыстау облысында ойнап жүрген екі бала тереңдігі екі метр болатын құдыққа түсіп қайтыс болды. Оқиға Мұнайлы ауданының Батыр ауылында болған. Суға толы құдықтың ішінде денелері мұздаған мектеп оқушылары аға-інілі туыстардың 6 және 11 жастағы балалары. Мұнайлы ауданы әкімінің айтуынша, балалар көршілерінің құрылысы жүріп жатқан құдығына түсіп кеткен. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. РАХАТ ЕЛТІЗАРОВ, Мұнайлы ауданының әкімі: – Қазір екі қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін және ата-анасы кәмелетке толмаған балаларын қараусыз жібергені үшін. Тергеу жүргізіліп жатыр. Абайсызда болған жағдай. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар
Похожие видео
Показать еще