Жан қызыма ақ тілек «Аудио өлең»
Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӨлеңді оқыған – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Era & Yuri Ogawa - Prima DonnaБейнематериал авторы – Динара Ермахан «Қазақстан табиғаты»Өңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыВконтакте –Бүгінгі той, қобалжытты жүректі,Балапаным, гүл жайнапты, өсіпті.Қосағымен барады, ақ арманға,Бақ тілекте, қуанышта, бар маңда.Көпір салып барасың, арамызға,Екі ұяның арасын, қызым қосып.Ұзағыңнан оралсын, жол аңызға,Алдыңда, бақыт құсы, тұр ғой тосып.Артқа таста, жан қызым, еркелікті,Сыйлы болып, қайын – жұртқа, ата–анаңа.Сыйлай біл, жұбайыңды, еркекті,Судай сіңіп, тастай бат босағаңа.Жаман сөзді, жақсылыққа бұра біл,Сөз қайтармай, инабатты бола көр.Тірілтетін, өлтіретін, бізді тіл,Ата-анаңа, кір келтірмей, өмір сүр.