Шаршадың-ау жүрегім, шаршадың-ау... (Аудио өлең)

15.09.2018
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эдгар Туниянц «Печальная мелодия» Бейнематериал авторы – Наталья Кичайкина Бейнематериал авторы – Эдгар Туниянц Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Вконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuz Ренжігендей боласың, маған жүрек, Соғысыңда, бір түрлі, білем бүгін. Білемін ғой бәріне, уақыт керек, Салды маған дейсің-ау, өмір жүгін. Шаршадың-ау жүрегім, шаршадың-ау, Бір бітпейтін қарбалас, неткен дүние. Дем ала ғой байғұсым, ренжисің-ау, Түсірді деп осындай, ауыр күйге. Соғысыңнан айналдым, дүрсіл деген, Бір өзіңде, бар мәні, өмірімнің. Мұзға да сен шыдадың, төзімменен, Өле жаздап, мен үшін, мың тірілдің. Аман қалдың, сен талай, от жалыннан, Жаман сөзден, көздерден, көп өсектен. Үзілмесін үмітің, ақ арманнан, Әлсіретіп алдым-ау, білем бүгін. Бар тілерім өзіңнен, қайран жүрек, Соғысыңды тоқтат па, маған деген. Біз тұтаспыз, өмір жоқ, болсақ бөлек, Мен пендемін, дүрсіліңді тілеген. Самғай берші, соқ жүрек, мүлдем қорықпай, Торға түскен торғайдай, дірілдемей. Самғаушы едің бір кезде, қаршығадай, Шаршатым-ау мен сені, тағдырыма, бір көнбей.

Похожие видео

Показать еще