Қытай әншілері - Арман-ай (БейнеМәтін) HD

28.08.2019
================================================= сөзі: Қыдырхан Мұқатайұлы. әні: Тұрсынғали Мұхаметханұлы ================================================= Ойласам мынау, Өмірді жалған. Көп екен шіркін, Адамда арман. Түлкіні көріп, Көргенді жерден. Қырандар аз ба!? Қапыда қалған. Осыған ұқсас, Мендегі арман. Арман-ау ару, Қарамайсың ба? Жаныңа мені, Баламайсың ба? Жүрегім жүдеу, Аямайсың ба? Кетесің әр күн, Жаралайсың да! Жасық деп әлде, Бағалайсың ба? Дариға-ай арман, Балаймын жанға, Тіл қатшы маған, Қайдасың, қайда? Іздеймін сені, Қанатым талып, Осында ма? - деп. Қараймын айға, Қараймын айға, Арайлы таңда. Жалғыздық арман, Баласы жоққа. Бергендей болып, Анасын отқа. Кезіктір мені, Ғаламда мынау. Көңілде ешбір, Шарасы жоққа. Көңілде ешбір, Жарасы жоққа Біреудің ерте, Шырағы жанған. Шошынып ұшқан, Аққулы көлден. Қатыгез арман, Жолдарың қатер. Қайғың бар ауыр, Зіл қара жерден. Пенделер шіркін, Бәріне көнген. Ғашықтық арман, Қорланың Естай. Қойған ба бір күн, Әніне қоспай. Ләйлі мен Мәжнүн, Сәлиқа, Сәмен, Тігілмей жатып. Құлаған қостай. Арман-ау, арман, Қойдың ғой қоспай. Тіршілік жолы, Арманға толы. Сезімі жоқтар, Біле ме мұны? Жер екеш жер де, Емес қой бірдей. Бір жері қабыр, Бір жері соғыс. Арманға толы, Тіршілік жолы. Арман-ау, арман, Арман-ау, арман. Шөліркеп келем, Шықсаңшы алдан. Іздеймін сені, Арайлы таңнан. Кештерде сансыз, Жұлдыздар жанған. Жұбатшы келіп, Көңілді қалған. Жерұйық іздеп, Асан да өтті. Білінбей небір, Асаулар кетті. Ақ жауын тілеп, Отырам әр күн. Жүректе жанған, Басар деп отты. Басылмай өрті, Шарпи ма көкті?! Дауылда буған, Болатпен белін. Армандап кетті, Махамбет елін. Өзің деп соғар, Жүрегім менің. Жүзейін келші, Арманның көлі. Өзің деп соғар, Жүрегім менің. Жүзейін келші, Арманның көлі. =================================

Похожие видео

Показать еще