Сол бір кеш есімде жағасы бұлақтың ,Айлы жаз кешінде сырласқан ұзақ түн .Сүйкімді бейнеңді жүректе сақтадым ,Арманым сол жер де сен едің тапқаным ... !!!

08.02.2021
Сол бір кез есімде Жағасы бұлақтың. Айлы жаз кешінде Сырласқан ұзақ түн. Сүйкімді бейнеңді Жүректе сақтадым. Арманым, сол жерден Сен едің тапқаным. Тағы да сол жерге Оралдым қайтадан. Әлі тұр гүлдер де, Самал жел шайқаған. Қол бұлғап жырақта Тау да тұр аңсаған. Сен жоқсың бірақ та Қайдасың, қалқажан?! Көруге жаралған Сен бейне айнасың. Өзіңсіз таба алман Сағыныш айласын. Көрінші, көңілге Қуаныш жайласын. Аңсадым жүзіңді Қалқатай, қайдасың?! Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Похожие видео

Показать еще