Сағыныш. Рахманбеков Алханбек Жамалбекұлы

08.04.2017
Көктем, Сәуір. Жүрегімді ерекше мұңға бөлейтін уақыт. Папау ертең сенің туған күннің.....сен жоксын ортамызда. Папа саған деген сағынышымды ,сен жайлы естеліктерімді айтып тауыса алар ма екенмін. Сіз айтатынсыз сен менің жүрегімнің, жанымның бір бөлшегісің деп, олай болса мен қалай сізді ойламай жүре алам. Сіз маған әр дайым сендініз. Жоқ, болмайды, істей алмайсың деген сөздерді мүлде айтпайтынсыз. Сіз менің күш қуатым сияқты едіңіз, сіз барда ешнарседен қорқпайтынмын. Арқамды суйер асқар тауым өзің едің папау. Әттең, сізді алып қала алғанымда ғой....Кішкентай кезімде сізбен жұмысқа баратынмың ат арбамен, жолда келе жатып шұңқырға түсіп кеттік, менің ішім солқ ете қалды. Мен ашуландым неге жол тегіс емес деп. Сонда сіз айтқансыз "Өмірде мінсіз ешнарсе жоқ, ат жығылдым екен деп тоқтап қалмады болмаса артқа кетпеді. Бәлкім ол келесі де айналып өтеді "дегенсіз. Алдымнан кедергі шықса осы сөзді есіме алып, мойымай алға қарай жүрем. Айдалада ,үлкен сарайлардың ішінде түнімен жалғыз қалатынынызды ойлап ,мендегі бала жүрек сіз отыратын бөлменің есік ілгішің қайта қайта тексеріп көретінмін. Сіз оңы байқап қорқа берсең өмірдің бар қызығынаң құр қаласың дегенсіз. Саған сенем қызым деп жиі айтушы едіңіз, сіз маған емес мен сізге сеніп журген екенмін ғой сол кездерде. Әкетай сенімінізді ақтай алмасам кешірші. Маған "рахмет ,Алла разы болсын, сен жақсы адамсың " деген сөздер айтылған сайын сізді есіме алам. Өйткені оның бәрі сіздің жемісініңз бен жеңісініз. Сіздің бұл өмірден кетуініз мені бірден есейтіп жібергендей ,жан дүнием босап қалғандай, арқамды суйеп, саясын көлеңкелеп жүрген алып Бәйтерегым құлағандай күй кештім гой папау. Өзіңіз жоқ қара шаңыраққа бару маған қаншалықты ауыр екенің сезесіз бе.Махаббатқа толы ыстық құшағыныз бен маңдайымнаң иіскеп суйетын кезінызды қалай аңсайтынымды ешкім сезбейді ау. Әкетай жатқан жерің жайлы болсын.......

Похожие видео

Показать еще