Күзгі мұң «Аудио өлең «Аудио поэзия»

02.09.2015
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Эльдар Мансуров Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Келді күзім, сары алтынға, оранып, Сары жапырақ, сағыныш, сары мұңым. Құстар қайтып барады, желде тоңып, Қоштасу, қоштасу ма, амалым. Не болмаса, кідіре тұршы, бір мезгіл, Әкетпеші, бұл сезімді, алысқа. Елең етті, әлде неге, бұл көңіл? Күзгі дауыл, тұра тұршы, асықпа. Қоңыр жел, қозғадың-ау, мұңымды, Ауыртып, тағы мынау, жүректі. Енді қалай, таба аламын, тынымды? Енді қалай, жеткіземін, тілекті? Тек махаббат, шіркін-ай, көп шөлдеген, Шын жолдарын, адасып, көп іздеген. Сезімсіз, сезімсіз өмір, тар екен, Қайдасың, қайдасың арман, жалт еткен? Күзгі жауын, сары жапырақ, жаңбыры, Сөндірмеші, бұл көңілдің, сенімін. Бәрін білемін, бұл өмірдің, тағдыры, Ондай болса, көнемін ғой, көнемін. Қаламын ғой, қаламын, мен қоштасып, Сағынышпен, қолды бұлғап, сағынып. Осылайша, қалғаным ба, күрсініп? Сары күзбен, сары мұңға, боянып...

Похожие видео