Көңіл сыры «Аудио өлең» «Аудио поэзия»
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Мелодия души «Дудук, саксофон, флейта» Бейнематериал авторы – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз» Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы Аша алмадым көңілімді, бата алмадым, Талпынсамда, мен саған, жете алмадым. Бұл дертімді, мен енді, жаза алмадым, Саған барар жолымды, таба алмадым. Адастырып әкеттің, сен тағдырым, Тоқтай тұршы өтінем, қинамай. Айтшы егер, болса менің, жазығым, Мүмкін емес, сезім өшу, осылай. Кімнен, қалай, сұраймын мен жалғанда, Күш, қуатты, өту үшін, өткелден. Қалғаным ба, осылайша жапанда, Ей махаббат, қайда кеттің, мен сенген. Көз алдымнан, кетпей қойды, бұл елес, Түсінемін, ештеме де, мәңгі емес. Маған қалды, тек арманмен, таңғы елес, Қайтейін, қайтейін, жеткізбедің сен белес. Ауыр екен, бұл уайымның, салмағы, Іліп алды-ау, өкініштің қармағы. Басып жатыр, қара бұлттар, мынау тағы, Аз болғандай, сағыныштың мұнары. Бұл қалайша, заңы ма екен өмірдің? Жауап іздеп, бір тынымды таппадым. Жылағаннан не пайда, бұл көңілдің, Таба алмадым, мен кілтін, таба алмадым...