Махаббат туралы (Өкініп келме өкініп) Поэзия
Өкініп келме Серт байласқан ең менімен кеттің сен- тағы, Мұңлы жүрек, ал оның жанып тұр бағы. Жазған заңына бағынып келем, Тағдырдың, Ол дағы адам, сынбасын оның да сағы. Тыныстап құшар беліңнен, керілген керім, Ал қызыл бақта тек саған ақтарар шерін. Жалғызбын қазір, жабырқау, жалаң күйдемін, Силаған шығар ол саған махаббат төрін. Тəп-тəтті қыз-ау қайдасың тек мені сүйген. Тоғысқан ғасыр жолында ақты ма күймең. Уəде беріп тайдың ғой серттескен серттен, Елес боп қалды, сыңғырлы күлкің мен бейнең. Қазір ше, танып тұрсың ба махаббатыңды? Шын шырағымнан жыр арнап жылағаным‑ды. Елеусіз қалған арттағы– сағыныш болып, Іздеп келемін, жар болар қос қанатымды. Сендіріп серт пен серіні сөзіңе бекем. Қаттырақ қысып өзгені отырсың ба(е) екен? Мен ішкен у ды сен де ішіп, мас болып еркем, Өкініп келме өкініп алдыма ертең?! Авторы: Серікбол Сейіл Ұнататын жаңа хит əндер: Psy-gangnam style, Ханшайымым, Қайрат Нұртас Мен ғашықпын т.б Мен оқитын ақындар: Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза Əлі, Қалқаман Сарин, Алмас Темірбай. Ең жақсы кітаптар: Мұқтар Əуезов Абай жолы, Қан мен тер, Махаббат қызық мол жылдар, т.б
Похожие видео
Показать еще