ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі енді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. HD

27.10.2021
Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі енді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, сотта да куәгер болмайды. Керісінше, енді шағымданған азаматтың мәселесі бойынша өзі сотқа жүгініп, процеске қатысады. Ешбір мемлекеттік органға бағынбайтын уәкілді ешкім тергеп, тексере алмайды. Мәжіліс депутаттары бүгін "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" заңның жобасын мақұлдады. Құзыреті қанша артқанымен, кейбір депутат "басшыда мінез болмаса түк өзгермейді" десе, кейбірі бұған дейін адам құқығын қорғаумен айналысып келген омбудсменнің жұмысына көңілі толмай отыр. Айбар Төлжанұлы толығырақ. Адам құқығын қорғайтын уәкіл бұған дейін азаматтарға кеңес беріп, шағымды тиісті органға жіберуден өзге ештеңе бітіре алмай келді. Енді тізгін өзінде! Бұдан былай мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға ұсынымдар жіберіп, қажеттілік болса оларды сотқа беріп, процеске қатысады. Яғни, азаматтардың шағымын қарап қана қоймай, мәселесін шешуге мұрындық болады. Ешкімге бағынбайтын уәкілге тіпті билік басындағылар да "тәйт" дей алмайды. БЕРІК ӘБДІҒАЛИ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Тыңдаймын десе тыңдайды, тыңдамаймын десе тыңдамайды. Билік айта алады. Бірақ бәрі заңның аясында болса билік ештеңе істей алмайды оған! Алайда, депутат Берік Әбдіғали ол үшін басшыға қайсар мінез керек дейді. БЕРІК ӘБДІҒАЛИ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: – Білім бар да, мінез жоқ болып тұр ғой бізде. Әлихан Бөкейханов айтқандай. Сондықтан омбудсменге мінез керек. Қандай мәселе бар, оған толықтай құқық бердік! Ешкімнен қорықпа, бәрін шық та қорға! Ал, "бұған дейін де азаматтарға қажетті көмектің бәрін жасадық", деген омбудсмен тіпті "ақын Арон Атабектің абақтыдан шығуына да ықпал еттік" деді. ЭЛЬВИРА ӘЗІМОВА ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: – Колонияларда, түрмелерде отырған азаптау туралы сұрақтар, арыздар бізге көп түседі. Вы сначала спросите что мы сделали? Результат которого на сегодня есть это как раз результат нашей работы. В том числе совместно! То что он находится в реанимаций я об этом не знаю! Бір ауыздан заң жобасын мақұлдаған депутаттар уәкілге бар құқықты бердік, енді шағымданған азаматтардың мәселесін шеше алмадым деуіне негіз жоқ деп отыр. Енді мәжіліс мақұлдаған заң жобасын сенат депутаттары қарайды. Айта кетейік, уәкілді сенаторлар 5 жылға сайлайды. 23 жыл бойы әділет миинстрлігінде түрлі қызметте болған Эльмира Әзімова екі жылдан бері Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып келеді. Ашық жұмыс істейтін омбудсмен алты жүз мың теңге жалақы алатынын айтқысы келмей, амалсыздан айтты. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #уәкіл #жауапкершілік #адам_құқықтары

Похожие видео

Показать еще