ҚазҰУ Жаңалықтары - 16.04.19 HD
М.К. Барманқұлов атындағы Телестудия ұжымы дайындаған «Әл-Фараби» телеарнасы апталық жаңалықтар қызметінің 6-шығарылымы: Армысыздар, қадірлі көрермендер! Марат Кәрібайұлы Барманқұлов атындағы Телестудия дайындаған апталық жаңалықтар қызметінің кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз. Студияда Даяна ДӘРІБЕКҚЫЗЫ. Аңдатпа: Ресми ақпараттарға шолу ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаиды қабылдады. ҚазҰУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кафедралық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары Алматы қаласының ҚХА ғылыми-сарапшылар тобының мүшелерімен жүздесті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Тілекқабыл Рамазанов Пәкістанның Караши қаласындағы Халықаралық орталық жанындағы ҚазҰУ-дың химия ғылыми-зерттеу институтының профессоры Муххамад Икбал Чоулдхаримен кездесті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Microsoft IT-академиясының салатынатты ашылуы өтті. Әлеуметтік сала жаңалықтары Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Жастар жылы аясында «Адал бол - адам бол!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. 15-16 сәуір аралығында Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ХІ Респубикалық пәндік олимпиада өтті. Рухани Жаңғыру Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде VІ Халықаралық Фараби оқулары аясында «Әл-Фарабидің рухани мұрасы және қазіргі заманғы Шығыс» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚазҰУ-дың Журналистика факультетінде дәстүрлі VII Қожакеев оқулары аясында «Жас ғалымдар» форумы өтті. АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ДАЙЫНДАҒАНДАР: Телевизиялық жоба жетекшісі, Бас редакторы Дәурен МҰХАМЕДЖАНОВ Режиссері Ербол АҚПАНОВ Шеф-редакторы Дана СЕЙДРАМАНОВА Монтаж Ербол АҚПАНОВ Медиа-дизайн Дәурен МАҚСҰТХАНҰЛЫ Бақытнұр ӘБДІКЕРІМ Жүргізуші Тілшілер Айгерім АБЛАКИМОВА Дастан ҚАНАТҰЛЫ Досбол АТАЖАН Айжан СЫЛАНОВА Әйгерім ТӘТТІҒАЛИЕВА Шұғыла ТЫНЫС Қырмызы СКЕНДИРОВА Эльмира ҰЗАҚБАЕВА Дыбыс режиссері Бақыт ҚҰРМАНБЕКОВ Кадр сыртындағы мәтінді оқығандар Айгерім АБЛАКИМОВА Дастан ҚАНАТҰЛЫ Айжан СЫЛАНОВА Альмира АБЗАЛБЕКОВА Айгерім ТӘТТІҒАЛИЕВА Нұрсерік АМАНДЫҚ Сәрсенбай НҰРДӘУЛЕТ Эльмира ҰЗАҚБАЕВА Операторлары Мұстафа ӨСЕР Ұлан ДҮЙСЕНБАЙ Фотограф Марат ЖҮНІСБЕКОВ © Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешені М.К. Барманқұлов атындағы Телестудия – «Әл-Фараби» телеарнасы Алматы - 16.04.2019 ж. #ҚазҰУЖаңалықтары #AlFarabiUniversity #TRCKazNU
Похожие видео
Показать еще