Археологтар неолит дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде. Qazaq TV жаңалықтары HD

24.06.2021
Археологтар неолит дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде. Qazaq TV жаңалықтары #Археолог #неолитдәуірі #ескерткіштер #экспонат Қазақстандық археологтар шамамен 10 жыл бұрын неолит дәуіріне тән қорымдарды ашқан. Осы уақыт ішінде мұнда көптеген құнды экспонат табылды. Қазақстандық археологтар шамамен 10 жыл бұрын неолит дәуіріне тән қорымдарды ашқан. Осы уақыт ішінде мұнда көптеген құнды экспонат табылды. Жұмыс арнайы жүйемен жүзеге асырылады. Біріншіден, шаршылар қазылып, кейін олар кезең-кезеңмен аршылады. «Әр топырақ қабаты маңызды», – дейді ғалымдар. Себебі олардың әрқайсысы тың тарихи мәлімет береді. Елена Лялина, археолог: - Бізде аяқталған шаршы бар. Қазір қабырғаларын түзіп те қойдық. Оны кезең-кезеңмен аршимыз. Ол жердегі топырақ құрамын көрдік. Яғни қабаттары әртүрлі. Топырақтың қалай жиналғаны айқын көрініп тұр және жәдігерлердің қай қабатынан табылып жатқанын байқадық. Павлодар облысының Аққулы ауданындағы қазба жұмыстары кезінде археологтар тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, жылқы және ірі қара малдың сүйек қалдықтарын тапқан. Бұл дегеніміз біздің дәуірімізге дейін VI мыңжылдықта адамдар жануарларды қолға үйретіп, мал шаруашылығымен айналысқанын дәлелдейді. Сонымен қатар аймақтан сәндік-қолданбалы өнер белгілері де табылды. Бұған қыш ыдыстардағы өрнектер дәлел. Археолог Виктор Мерцтің болжамынша, бұл артефактілер Боборыкин мәдениетіне жатады. Виктор Мерц, тарих ғылымдарының кандидаты: – Алтай өлкесінде кішігірім тұрақ кешендері бар, онда біздің дәуіріміздегіге ұқсас керамика кездеседі. Біз бұл ескерткішті алғаш зерттей бастағанда осы керамикаға назар аудардық, және оның Боборыкин мәдениетімен ұқсастығын айттық. Ең алыс аналогтары Ресейдің шығысындағы Тюмень ауданы, шамамен Екатеринбург маңынан шыққан. Сонда осы Боборыкин керамикасы анықталды. Археологиялық құндылығы жоғары бұл аймақта әлі толық зерттелмеген бірнеше ескерткіш бар. Сондықтан зерттеу жұмыстары әлі жалғасуда. Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео. Watch us on satellite TV, YouTube and social networks. Leave your comments under this video! Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV https://www.youtube.com/user/KazakhTVchannel?sub_confirmation=1 Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows Qazaq Golden Hits https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5Gh4C2SBC8u6NHmXcf62aj0A Trails of Nomads https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5Ggj1fNNK2ey-DGNtowG0kpE Байланыс аясынан тыс жерде https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5GgmRU1LfNX4JageJ6zZtfpl Біздің сайт / Наш сайт / Our website - https://qazaqtv.com/ Vkontakte - https://vk.com/kazakhtv Facebook - https://www.facebook.com/qazaqtvkz Twitter - https://twitter.com/Qazaq_TV Instagram - https://www.instagram.

Похожие видео

Показать еще