Қазақстан халқының музыкасы.Кавказ халықтары.Музыка пәні 5-сынып.Онлайн сабақ.

16.04.2020
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының музыкасы.Кавказ халықтары. Музыка пәні 5-сынып.Онлайн сабақ. Сабағымыздың мақсаты: 1.Кавказ сөзінің мағынасын білеміз. 2.Кавказ халықтарымен танысамыз. 3.Кавказдықтар Грузин және Әзірбайжан халықтарының өнері,музыкалық дәстүрін оқып білеміз. 4.Тыңдалған әндерге талдау жасаймыз. Грузин халқының музыкасы әзірбайжан мен армян халықтарының музкасынан өзгеше. Ежелден грузин музыкасы көпдауысты. Хор музыкасы тек бірыңғай ерлердің немесе бірыңғай әйелдердің орындауында айтылады. Аралас хор болмаған. Әдетте грузин әні үш дауысқа бөлініп айтылады. Грузин халық музыкасының тағы бір ерекшелігі:грузин әндері көбінесе сүйемелдеумен орындалады. Зурна, үш ішекті пандури және төрт ішекті чонгури деп аталатын халық аспаптары бар. Грузин халқының «Лезгинка» биі көпшілікке жақсы таныс. Оның Билеушілерді қыздыра ойналатын ырғағы тыңдаушыларды бейжай қалдырмайды. Гандагани Аджария-Грузин еліндегі ең шырайлы жерлердің бірі.Ол Қара теңіз жағалауында орналасқан.Грузия халқы христиан болса, аджарлықтар-мұсылмандар. Олардың төл тілі-мемлекеттік грузин тілі. Әзербайжан халқы-өте өнерлі халық. Әндері әсем сазды. Негізінен, олар грузин халқы сияқты емес, әнді бір дауыспен айтады. Әуенін нақышпен, әсерлей отырып, түрлі бояулармен орындайды. Әнді бұлай орындау ешкімнің қолынан келе бермейді. Әзірбайжан халқы әншілерін ашуг деп атайды. Ашуг-ақын,композитор,орындаушы. Ол әннің сөзі мен әуенін шығарады, билеп жүріп,аспаппен орындайды. Аспап саз деп аталады. Бұрын әзербайжан халқы ашугтарды «Ел анасы» деп атаған. Себебі, олар халықтың мүддесін, бостандықты қорғаған, туған еліне сүйіспеншілігін жырлаған. Ашугтар шығармашылығында тарихи-батырлық, эпикалық дастандар үлкен орын алады. Мысалы, біздің қазақ жырауларының дәстүрінде бар «Көрұғлы» жырында және әзербайжанның «Көрұғлы» дастанында көне заманда халықты қорғаған батырдың қаһармандығы туралы жырланған. Әзербайжан халқы және кәсіби композиторлары балаларға арнап көптеген әдемі әндер шығарған. Соның бірі-«Шөжелерім» әні. Бұл ән біздің елімізде кең тараған және барлық жастағы балалардың ең сүйікті әндерінің бірі ретінде жиі орындалып жүр. #КавказХалқы#Музыка5сынып#ОнлайнСабақ

Похожие видео

Показать еще