Абай, Ұлытау, Жетісу: Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болады HD
Қазақстан картасындағы қазіргі 14 облыстың үшеуі - Алматы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының аумағы екіге бөлініп, жаңа облыс орталықтары пайда болады. Мемлекет басшысы мұның экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызы зор шешім екенін айтты. Әріптесім Әйгерім Ердәулет, 97-інші жылы біріктіріліп кетіп, енді қайта құрылатын облыстардың қалай өзгеретінін баяндап береді. Бұл жаңа Қазақстанның жаңа картасы. Президент алдымен, Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы мәз еместігін баса айтып, ұлылардың дүниеге келген киелі өңірін қайта жаңғыртуға тиіспіз деді. Сол үшін де, 1 миллион 356 мыңнан астам тұрғыны бар Шығыс Қазақстан аумағындағы Семей өңірі енді Абай облысы болып өзгеріп, жаңа облыстың орталығы Семей қаласы болатын болды. Ал бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысы құрылып, Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болмақ. Бұдан бөлек, Алматы облысы енді екіге бөлінеді. Қазіргі Талдықорған қаласы Жетісу деп аталатын жаңа облыстың орталығы болса, Алматы облысының орталығы - Қапшағай қаласы болады. Бұл екі миллионнан астам халқы бар облыстың түйіткілді мәселелерін шешуге оң ықпал етеді деп отыр мемлекет басшысы. Президент Қапшағай қаласының атауын да өзгертуді ұсынды. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының президенті: – Абай мен Ұлытау, Жетісу өңірлерінің атаулары ерекше маңызға ие. Мәселен, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен байланысты. Қапшағай қаласына Қонаевтың атын беру туралы ұсыныс түссе, мен бұл ұсынысты қолдаймын. Президенттің жолдауын тыңдап, көңілді шыққан жезқазғандық депутат Берік Әбдіғали, елімізде әлі де жеке дамуына жол ашылуы тиіс өңірлердің бар екенін айтады. БЕРІК ӘБДІҒАЛИ, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты: – Бұл да бір әділеттілік болды, әрине. Елдің аманаты, жабылған облыстарды қалпына келтіру. Бізде осы үш облыс қалып еді, екеуі қалпына келді, мен енді ойламын болашақта Торғай өңіріне де бөлек дамуына, Арқалыққа дамуына көңіл бөлінетін шығар. Шын жүректен бәрін құттықтаймын. Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, өзі басқарып отырған аймақта екі облыстың болғаны жұмысымызды жеңілдетеді деді. ДАНИАЛ АХМЕТОВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: – Сонда екі облыс болды ма? Сондай екі облыс болады, иә. Өте жақсы, не айтамын. Халыққа да жақсы болады, бізге де жақсы болады. Әкімдердің жұмысы жеңілдегенімен, бюджетті бөлу мәселесі қалай іске асатыны белгісіз. Мәселен, бір ғана Алматы облысына түскен былтырғы салық және салық емес түсімнің тең жартысы Іле ауданынан келген екен. Қапшағай қаласы, Қарасай мен Талғар аудандарынан 100 миллиард теңге аударылыпты. Негізгі өндіріс те жаңа құрылатын Алматы облысында болмақ. Бүгіннен бастап күрт серпінді қажет ететін Жетісу облысының экономикалық ахуалы қалай болатыны әзірге белгісіз. Үкімет бір айдың ішінде нақты қай облыс орталығының құрамына қандай аудандар мен елді-мекендердің кіретініне қатысты ұсыныс беруі керек. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtu
Похожие видео
Показать еще