Биыл Қазақстанда автокөлік баллондарының бағасы шарықтап тұр HD
Биыл Қазақстанда автокөлік баллондарының бағасы шарықтап тұр. Арнайы дүкендерде қысқы көлік дөңгелектерінің құны 20 пайызға қымбаттап кеткен. Базарлардағы баға да көңіл қуантарлық емес. Сатушылар да, оны алушылар да бұны растап отыр. Қысқа дейін әлі екі ай уақыт болса да, дөңгелек нарқының күрт көтеріліп кетуіне не себеп? Алматының көлік балондарын сататын арнайы дүкендерінде дөңгелектердің құны аспандап кеткен. Брендке айналған жапониялық, неміс және ресейлік тауар түрлері айтарлықтай қымбаттапты. Қытайлық каучуктардың бағасы да мәз емес. Қыстың қамын жасау үшін қалтаңызда кемінде 120 мың теңге болуы керек. Оның өзі арзанын алу үшін. Ал қымбатының құны ұшып тұр. МЕДЕТ БАЙШАЛОВ, сатушы: – Мынау дөңгелек мысалы, бізге танымал тойота камри дөңгелегінің өлшемі. Былтыр мысалы бұны 71-75 мыңға алуға болады. Енді өсті. Қазір 85 мың 400. Бағалар апта сайын емес күн сайын өседі. Мына короновирус деген эпидемиядан кейін логистический цепочка дейміз нарушились. Базарлардағы баға да мәз емес. Барлық резеңке дөңгелектер 10 пайызға қымбаттады дейді сатушылар. Төрт дөңгелекті 100 мың теңгеге саудаласып жүріп алуға болады. Оның өзі қытайлық каучук. Ал танымал брендтердің құны әлдеқайда қымбат. Бірақ, таптыра бермес тауарға айналған. ЕРНАЗАР БАЙМҰРАТОВ, сатушы: – Былтырғыға қарағанда біраз қымбат. Каждыйы қымбат. Неліктен екенін біз білмейміз. Фирмадан солай кеп жатыр. Российский жоқ мысалы вообще баллон. Былтыр көп еді. Қытайский только. Қытайский и то қымбат олар. Сатушылар базардың өзінде шиналардың бағасы 22 мың теңгеден басталады. Ал былтыр 16 мың теңгеге бір дөңгелек алуға болатын еді дейді. Қазір бұл бағаға тек шағын көліктердің кіп-кішкентай резеңкесіне қанағат қылады екен. Шиналардың құны қазір күн санап шарықтап жатыр. Қара суыққа қамданған қарашаның оны алмасқа амалы жоқ екені түсінікті. МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші: – Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда биыл қыс ерте түсетін тәрізді. Алматыда тіпті, алдағы аптада қар жауады деген болжам бар. Ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп кетуі ықтимал. Ал бұл кезде қысқы шиналардың бағасы күрт көтерілуі бек мүмкін дейді сатушылар. . . . . Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #информбюро #басты_жаңалықтар #Ақиқатын_Айтайық
Похожие видео
Показать еще