Дәрі-дәрмек те қалысар емес. Жыл басынан бері емдік препараттардың бағасы 3,7 пайызға өсті HD
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндіру қарқыны артқанына қарамастан, бағасы күннен-күнге шарықтап барады. Мәселен, елімізде дәрілік препараттардың құны жыл басынан бері 3,7 пайызға қымбаттаса, соңғы бір жыл ішінде тіпті 6 пайызға көтерілген. Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, қымбатшылық әсіресе Шымкентте қатты сезіледі. Мұнда дәрі-дәрмектің бағасы бірден 12 пайызға көтерілген. Одан кейінгі баға өсімі Ақмола және Алматы облыстары тұрғындарының қалтасын қаққан. Ал ең арзан фармацевтикалық өнімдер Павлодар облысында екен. Онда бір жылда баға тек 2,9 пайызға қымбаттапты. Әсіресе халық жиі тұтынатын "Хилак форте", ацикловир, жөтелге қарсы препараттар мен этил спиртінің бағасы қатты өскен. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31 #фармацевтика #баға
Похожие видео
Показать еще