Айықпас дертке шалдыққан балаларға тегін берілетін ас-ауқаттың ақшасын кім жеп қойған? HD

22.06.2022
Жамбыл облысында балалары айықпас дертке шалдыққан ата-аналар облыс әкімдігінде айқайға басты. Олар өмір бойы диета ұстауы тиіс науқас жандарға тегін берілетін ас-ауқатты алмадық деп ашулы. Өзге өңірлерде берілетін тағамның Таразда неге тоқтатылғанын әкімнің өзінен сұрауға бел буған. Өйткені тағам таратуды тендерден ұтқан әлдекімдер жарты жолда жеп қойды ма деп күдіктенеді. Бұл балалары «Целиакия» дертіне шалдыққан ата-аналар. Асқазан-ішек жолдары ауыратын балалар арнайы ұнтақ тағаммен қоректену керек. Тек шет елден келетін бұл тағамды көптің қалтасы көтермейді. Сондықтан онсыз да науқас балаларымызға аурудың үстіне ауру жамалып жатыр дейді. ВЕНЕРА САДИРБАЕВА, Жуалы ауданының тұрғыны: – Айына көп кетеді. Мынаның өзі 1800 теңге. Үш-ақ рет ішіледі. Ал мынау ұн 4 мың теңге. Бұл ұннан үш-ақ булка нан пісіресің болды. АЙЖАН ОРАЗБАЕВА, Байзақ ауданының тұрғыны: – Бұл Италиядан алынады. Фирма Шер деген. Басқа тамақ жесе іші өтіп, аллергиясы шығып, құсып панос болады. Бізге о баста айтқан өмірлік диета деп. Диета ұстамасаңыздар асқазаны ракка айналып кетеді деген. Осы біздің Тараздың бір баласы қайтыс болды осы целякиядан. Қан кетіп қайтыс болды. Өз көзімізбен көрдік. Ерекше күтімді қажет ететін өте сирек кездесетін бұл дертпен облыс бойынша 53 бала тіркеуде екен. Бірақ бірде-біреуі тегін берілеуі тиіс тағам алмапты. Сондықтан ата-аналар жауаптылар дәрі-дәрмек пен ас-ауқатты балалар аузынан жырып, науқас жандардың есебінен ақша жей ме деп күдіктенеді. ГҮЛНӘР ҚОЖАНИЯЗОВА, Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны: – Бір емес, екі рет тендер ұтып алынған. Мыналар ешқайсысы алмаған. Мен де алмағанмын. 53 баланың ешқайсысы алған жоқ. Бірақ Алматы, Шымкент, Астана басқа қалалар алып жатыр. Тағамын таба алмай табаны тозған көп балаларын 3 топтағы мүгедектігінен де сызып тастағаны жығылғанға жұдырық болды дейді. Ал ашынған ата-анадан жөн сұрастыруға әкім емес Денсаулық сақтау басқармасының басшысы келді. Бар кінә денсаулық сақтау министрінің бұйрығында деген ол биыл «Целиакия» сырқаты сирек кездесетін дерт санатынан сызылып тасталған деп түсіндірді. ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: – Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында сирек кездесетін аурулар тізімінде бұл түсіп қалған. Бірақ қазір осы бұйрыққа өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада шешімін табады. Біз тікелей байланыстамыз. Қаражат қарастырылған. Бұл жауап ата-аналарды жұбатқандай болды. Бұйрықты өзгертуге бар күшімізді саламыз деп сендірді. Жоспар бойынша күздің алғашқы айына дейін бұл мәселе шешіліп қалуы тиіс. Оған дейін 53 отбасы әдеттегідей қымбат бағаға өзге аймақтардан қажет ас-ауқатты сатып алуларына тура кеп тұр. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Youtube -https://www.youtube.com/channel/UCKJIfb3BN2x14J4U30wzLeA/featured?sub_confirmation=1 Facebook - https://www.facebook.com/informburo31/ Instagram - https://instagram.com/informburo31 Vkontakte - https://vk.com/informburo31 TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 WhatsApp Информбюро +7 777 3

Похожие видео

Показать еще